Назарбаев Университетінің зерттеу тобы және халықаралық сарапшымен кездесу өтті.
- Rumsdo rumsdo

- 16 сент.
- 1 мин. чтения
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында Назарбаев Университетінің зерттеу тобы және халықаралық сарапшымен кездесу өтті.
Кездесу барысында балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған қосымша білім беру бағдарламалары және оларға кері әсер ететін факторлардың алдын алу жолдары талқыланды.
Орталық директоры Гүлнара Абдрахманқызы Абишева халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті:
«Ғалымдармен және сарапшылармен бірлесе жұмыс істеу бізге қауіпсіз әрі қолдаушы орта құруға мүмкіндік береді, мұнда әрбір бала өзін қорғалған әрі естіген сезінеді».
Назарбаев Университетінің профессоры Даниэль Эрнандес-Торрано және Мельбурн университетінің профессоры Дайан Велла-Бродрик жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, ұзақ мерзімді серіктестікке дайын екендігін жеткізді.
Бұл кездесу Қазақстан мен Австралияның білім және ғылым ұйымдарының әріптестігін нығайтып, балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету саласында жаңа мүмкіндіктер ашты.




Комментарии