
Абишева Гульнара Абдрахмановна
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік
орталығының директоры
Байланыс телефоны: 8 (7172) 57-41-60
Абишева Гульнара Абдрахмановна 1971 жылдың 18 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан университетін «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1995 жылы колледж оқытушысы ретінде бастаған.
2000–2003 жылдары Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық-педагогикалық колледжінде тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істеді (СҚО).
2003–2008 жылдары Абу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернатында оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарды (СҚО).
2009–2012 жылдары Қызылжар ауданының «Парасат» лицей-мектебінің директоры болды (СҚО).
2012–2013 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім беру статистикасы және бағалау жөніндегі ұлттық орталығында жетекші сарапшы болып еңбек етті.
2013–2015 жылдары Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы – бас маман қызметін атқарды.
2015–2016 жылдары Шал ақын ауданының білім бөлімін басқарды (СҚО).
2018–2023 жылдары «Қазақстанның Білім беру сарапшылары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті болды.
2024–2025 жылдары «Өркен» балалардың әл-ауқаты жөніндегі ұлттық ғылыми-практикалық институтының президентінің кеңесшісі қызметін атқарды.
Білім беру саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар. Ы. Алтынсарин медалімен марапатталған.
