Әдебиеттік форум
Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған жас ақындар шығармашылығы
Өлеңнен сені іздедім
Бүгін сенің туған күнің, ой, пәлі-ай,
Мына әлем неғып жатыр жайнамай?!
Еске алып, бір тойыңды берер ем,
Мүмкіншілік қазір болмай тұрғаны-ай!
Дүниені дүрілдетіп өтетін,
Өлең өріп, беріп кеттің, көкешім!
Әлі күнге жырыңды айтып аналар
Тербетеді, бесіктегі бөпесін.
Туған күнің бір тойланбай өтті деп,
Бұл өмірге өкпеледің неге тым?
Болашақта жазып сонда қалдырған
Арызыңа жауап іздеу міндетім.
Үндемесе үндемесін дүние,
Отырдың сен өлең қаттап күніге.
Сыйламаса сыйламасын шоқ гүлін,
Гүл боп сонда өлең кірді үйіңе.
Қиын-қиын жұртқа жағу дегенің,
Бекер өмір сүрдім бе екен деп едің.
Том-том кітап самсап тұрса сөреде,
Өмірдегі үлкен сенің өтеуің.
Қатар жүрер қуанышы, мұңы да,
Табиғаттың заңы солай шынында.
Сен бәрібір өзіңменен бір болар,
Шығып тұрсың, елдің биік шыңына.
7 «С» сынып оқушысы
Гүлдана СӘБИТОВА,
Мұқағали атамызға арнау
Поэзияның шексіз-шетсіз әлеміне,
Сізбен бірге алғашқы қадам бастым.
Сол әлемнің ғажайып сырларына
Сіз салған сара жолмен асу астым.
Қадірлейміз, құрметтейміз мәңгілік,
Жырларыңды айтып жүрміз ән қылып.
Қастерлейміз жадымызда әрқашан,
Жатталады әрбір сөзің жаңғырып.
Ақын бабам, жырларыңа тамсанам,
Мәңгілік елді жүрегіменен аңсаған.
Тілін сүйген, елін сүйген өзіңдей,
Жасты көрсем, қуанамын, тамсанам.
Өзіңдей асқақ тұлғамен елім бақытты,
Жырыңмен елге төктің ғой талай жақұтты.
Артыңнан мен де асықпай жинап келемін,
Сізден қалған жыр жұрнағы, сарқытты.
Айбек ОҢАЛБАЕВ,
8 «Д» сынып оқушысы