top of page

IV тоқсан көлемінде 3 мыңнан астам бейнесабақ көрсетілді


🎬 1-11-сыныптарға арналған телесабақтар түсірілімі 23 наурыз күні басталды. 6 сәуірден бастап олар «Balapan» және «EL ARNA» телеарналары арқылы көрсетіле бастады. Сонымен қатар, сабақтар аталған арналардың сайттары арқылы тікелей трансляцияда көрсетіліп, радио арқылы таратылды және жергілікті телеарналар арқылы ретрансляцияланды.

🎬 «Online Mektep» жобасы аясында 42 пән бойынша 3 мыңнан астам сабақ әзірленді.

🎬 Әр бейнесабақ үшін 7 500 жаттығу, 12 500 тесттік сұрақтар дайындалды, 100-ден астам анимациялық бейнероликтер көрсетілді.

🎬 Жобаға Нұр-Сұлтан қаласының 160 мұғалімі, «Bilim Media Group» компаниясының 111 қызметкері, 40-тан астам әдіскер қатысты.

🎬 9 түсірілім студиясы, 20 монтаждау станциясы жұмыс істеді.

🎬 Түсірілім екі ай бойы демалыссыз сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жүргізілді. Жұмыс барысында санитарлық-гигиеналық қауіпсіздік шаралары қатаң қадағаланды.


@edu_news_qz

bottom of page