top of page

ЖАРҚЫН ШТРИХТАРМЕН САЛЫНҒАН СУРЕТТЕР

Сәуір айының басында Өскемен қаласы Оқушылар шығармашылық сарайының «ШТРИХ» изостудиясы онлайн-форматқа көшті, ал каникулда олар республикалық байқауға қатысып, 9 жүлделі орынға ие болды!

Балалар педагог - Татьяна Семеновнамен бірге WhatsApp әлеуметтік желісінде жұмыстанады. Бейне-форматта немесе суреттер арқылы педагог оқушыларға тақырыпты кезең-кезеңімен түсіндіреді және сурет салу техникасын көрсетеді. Балалар қазір оқулықпен жүктелген болса да, әрқашан өз суреттерін қуана сала бастайды!

Бастауыш сынып оқушылары үшін «Көктем пейзажы» атты тақырып дайындалды, онда балалар гүлденген ағаштардың аллеясын бейнелеуі керек болған. Ал ересек топтары үшін тақырыптар қиындай түседі. Бүгінгі күні балалар «ағаш, жағалау және олардың судағы көрінісі» тақырыбында жұмыстарын аяқтады – суретті салу оларға өте ұнайды!

- Біздің картиналарымыз тез жасалмайды, - дейді Татьяна Семеновна Харина. Мен осымен келісемін, өйткені барлық жұмыстар әрдайым кезең-кезеңмен жүргізіледі. Мысалы, қылқаламмен жаңа элементті жағу үшін бұрынғы пішін құрғағанша күту керек.

Суреттердегі көктемгі тақырыптар тек біздің жас суретшілерімізді ғана емес, олардың ата-аналарын да шабыттандырады.

Сондай-ақ, WhatsApp желісінде балалар педагогпен өз қиындықтарымен немесе керісінше жеңістерімен бөліседі, өз жұмыстарын жеңілдетеді және жаңа идеялар туралы айтады. Олардың барлығы жанды қарым-қатынас жасайды, ал суреттер арқылы өздерінің көңілдерін жарқын бояулармен суреттеп береді.

Барлық жас суретшілерге өздерінің жаңа жұмыстары үшін қиялдар әлемінің ұшқынын тілейміз!

Ссылка:

https://web.facebook.com/photo.php?fbid=2861214740631159&set=pcb.160427108610696&type=3&theater&ifg=1

bottom of page