top of page

Ұлы даланың жеті қыры

Аудандық «Жас туристер станциясы» КММ-нің жұмыс жоспарына сай Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Атқа міну мәдениетін» жан-жақты талдай отырып, жылқы жануарының қазақ ұлтының өміріндегі рөлін анықтау, оқушыларға жылқының қасиетін, атқа міну өнерін насихаттау және ауданның танымал жас атбегілерінің қызметімен таныстыру және сондай-ақ оқушыларды жеті қазынамыздың бірі қазақы тазыны аңға салу мен күтіп баптау ерекшеліктерін меңгеру мақсатында «Арғымақ мінген арымас» және «Тазыны баптаудың, аңға салу жолдары» атты танымдық-практикалық сабақ ұйымдастырылды. Оған арнайы шақырылған жас атбегі Қайыржанов Төлеби Қуанғалиұлы мен тазы жанашыры Магзумов Рустем Қумаржанұлы қатысты. Шара алдымен мекеме ішінде оқушыларға жалпы атқа міну мәдиниеті мен қазақ халқының ат бегілік өнері, ат әбзелдері және қазақы тазы баптаудың ерекшеліктері туралы түсінік жұмыстарынан бастау алса, одан әрі мекеме алдына шығып Төлеби Қуанғалиұлы оқушыларға ат әбзелдерін таныстырып, оны қалай пайдалануды, яғни атқа жүген салудан бастап ерттеу, шідер салу дейін қыр-сырын жіті таныстырды. Одан әрі оқушылар атқа мініп серуендеп, атқа мінуді қызықтады.











bottom of page