top of page

KazIITU технопаркіне практикалық экскурсия

2020 жылдың 13 қаңтар күні «Техникалық шығармашылық» декадасының жоспарына сәйкес орталығымыздың «Авто үлгілеу», «Бастапқы техникалық үлгілеу» және «Әскери техникаларын үлгілеу» үйірмесінің оқушылары және жетекшілері Айбек Айболатұлы, Бағдат Әділбекқызы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетіне практикалық экскурсия жасап қайтты. Мақсаты - оқушылардың техникалық үйірмелерге деген қызығушылықтарын және шығармашылық қасиеттерін арттыру. Ғылыммен инновациялық процестердің дамуының үлгісі болып табылатын оқу орнының тың жаңалықтарына куә болды. Алдымен оқушылар оқу орнындағы «Құқықтану» факультетін аралап, генерал-майор Р.Қайдаровтың атындағы оқу – криминалистикалық орталығының жұмысымен және студенттер сарайындағы технопаркінің ІТ технологияларымен танысты.



bottom of page