top of page

Педагогикалық және жазғы практика бойынша қорытынды конференция

2019 жылғы 18 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің салтанат залында «Филология» бөлімінің ФБ-41, ФБ-42, ФБ-43 топтарының педагогикалық және жазғы практика негізінде «Бүгінгі студент – ертеңгі маман» тақырыбында қорытынды конференциясы өтті.

Конференцияға «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының оқытушылары, колледж әдіскерлері қатысты. Мұғалім мамандығының деңгейін көтеру мақсатында кәсіптік білім мен біліктілік, дағды мен ізденіс, іске шығармашылық мән беру, жаңашылдық пен ізгілік арқылы білім берудің сапасын жетілдіруге қойылатын талаптарды орындау негізінде студенттер 20-25 мамыр аралығында Көкшетау қаласының №2, №6, №16, №17, №18 мектептері, Зеренді ауданындағы М.Ғабдуллин ЖШС БСО, «Әулиет» мектептен тыс жұмыс орталығы, 16 ОМ жанындағы «Бәйтерек» сауықтыру орталығы, РОСО Балдәурен сауықтыру мекемелерінде жазғы практикадан, 2 қыркүйек пен 26 қазан аралығында №2, №13, №17, №16 қала мектептерінде педагогикалық практикадан өтті.

Педагогикалық практика мен жазғы практика негізінде студенттер қорытынды есептерін (презентация), бейнефильм түрінде жасап, портфолио жасақтады, көрме ұйымдастырды. Топ студенттері конференция соңында өз тәжірибелерімен бөлісіп, сергіту сәттерінен, ойын түрлерінен үзінділер көрсетті. Практиканың қызықты сәттерінен көрініс көрсетумен қорғау қызықты, тартымды әрі мазмұнды өтті.

bottom of page