top of page

"Ұлы даланың ұрпақтары"

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №3 Балалар эстетикалық саз мектебінде "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді насихаттау мақсатында Халық ақыны, композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына 135 жыл толуына орай "Ұлы даланың ұрпақтары"-атты байқау болып өтті. Байқауға қалалық саз мектептерден, оқушылар сарайынан, Қарақат мектеп студиясынан "Дәстүрлі ән" сыныбы оқушылар қатысты, І-кезеңде үміткерлер Кенен Әзірбаевтың әндерін орындап, ІІ-кезеңде өз таңдауы бойынша еркін тақырыптағы халық және қазақ композиторларының әндері орындалды. Қазылар алқасына Шымкент саз колледж Дәстүрлі ән бөлімінің аға ұстазы Ж. Спатаев және Б. Өтеп атындағы өнер мектебінің мұғалімі Д.Болысбаев шақырылды. Үлкен топ бойынша

1-орын Ж. Омарова атындағы №1БСМ оқушысы Байданов Батырхан Мұғ:М.Битемір. 2-орын Наухан Сымбат №3 БЭСМ. Мұғ:Г.Көптілеуова. 3-орын Мырзабай Ролан Оқушылар сарайы. Мұғ:П.Аширбекова. Кіші топ бойынша:1-орын Кемелбек Арайлым №3БЭСМ.Мұғ: Ж. Жанабаева. 2-орын Жақсыбай Сабина Ж. №1 БСМ Мұғ.М.Битемір. 3-орын Аманбек Дулат №3 БЭСМ Мұғ: Г. Коптілеуова. Жеңімпаздар Білім басқармасының арнайы дипломымен марапатталып, қалған үміткерлерге ынталандыру силықтары тапсырылды.Сөз соңында мектебіміздің директорының м.а. Б.Рыспанбетова Өскелкелең ұрпақтың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасап қолдау көрсетіп отырған Шымкент қаласының Білім басқармасына,Дарынды үміткерлерге өзінің "Нартай сазы"кітабын тарту еткен Ж.Спатаев мырзаға және барлық қатысушыларға алғыс білдірді.

bottom of page