top of page

Балалар алаңына саяхат

2019 жылғы 23 шілдеде «Прометей» аула клубының балалары Атбасар қаласының орталық алаңында балалар спорт алаңына барды. Балаларға түрлі ойын, спорттық тапсырмалар ұсынылды: «Қанекей, сырғанайық!», «Ең батыл кім?», «Бәрінен де жылдам» және т.б. балалар белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды орындады. Сырғанақ ерекше назарда болды. Ол барлық балаларға ұнады. Ұлдарға әр түрлі баспалдақтар ұнады. Балалар өздерінің күш-жігерін әр алаңда сынап көрді. Балалар өздері үшін күн сайын таңертең спорт алаңында бүкіл отбасымен таңғы жаттығу жасау керек деп шешті.

Саяхат өте қызықты өтті. Бұл алаңнан кету мүмкін болмады, себебі оқушыларға бұл алаң қатты ұнағаны соншалықты қоштасқылары келмеді. Осындай оқыту спорттық іс-шараларын өткізу барысында балалар бойына спорт нысандарындағы қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі дағдыларын қалыптастырады.


bottom of page