top of page

Сиқырлы ән әлемінде

Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінің залы балалардың сыңғырлаған дауыстарына толды. Ағымдағы жылғы 29 сәуірде мектеп қабырғасында жастар жылына арналған «Алтын бұлақ» жеке және ансамбльде ән айту бөлімінің оқушылары мен хор ұжымының мектеп фестиваль-клнкурсы өтті.

Сахнада 8 хор ансамблі, 300-ден аса қатысушы өнер көрсетті: базалық балалар музыка тәжірибесі мектебі оқушыларының және балалар музыка мектебінің хор сыныбы оқушыларының жиынтық хоры (жетекшісі Ольга Викторовна Андрющенко, концертмейстер Гаухар Макеновна Каскырбаева); бастауыш сынып хоры (жетекшілері Анастасия Вячеславовна Федунова, Ольга Викторовна Андрющенко, концертмейстер Гаухар Макеновна Каскырбаева); орта сынып хорлары (жетекшілері Дария Мухамед-Канапияновна Исаева, Салтанат Тасбулатовна Кисатова, Ольга Викторовна Андрющенко, концертмейстерлер Ольга Дмитриевна Седых, Марина Петровна Белоус, Татьяна Викторовна Ульянова); жоғары сынып хорлары (жетекшілері Гульнафис Толеубековна Макышбаева, Ксения Владимировна Миронец, концертмейстерлер Марина Петровна Белоус, Дмитрий Станиславович Масленников).

Хор ұжымдарының барлық жетекшілері қатысқаны үшін алғыс хат алды.

Вокалистер конкурсы үш жас ерекшелік категориясы бойынша және екі номинация бойынша өткізілді: академиялық және эстрадалық вокал.

«Академиялық вокал» категориясында 7 оқушы екінші және үшінші орындарға ие болды.

Ансамбльдік ән салу категориясында дуэт (жетекшісі Ольга Викторовна Андрющенко), вокалдық ансамбль (жетекшісі Дарига Булатовна Аллахвердиева), хор сыныбы жоғары тобының ансамблі (жетекшісі Ольга Викторовна Андрющенко) ұсынылды. Жоғары сынып ансамблінің жарқын қойылымы қазылар алқасының жүректерін жаулап, оларға лайықты бірінші орын әкелді.

Кіші жас тобы (7 қатысушы) қатысушылардың қойылымдары эмоционалдық және әртістік мәнерімен есте қалды. Бірінші орынды Нурмагамбетова Дана, Судакова Диана иеленді.

Орта жас тобында 7 вокалист өнер көрсетті. Бірінші орынды Имангулов Арғын жеңіп алды.

Ересек конкурс тобы (13 қатысушы) дауысты меңгеру шеберлігін, әртүрлі жанрлы және түрлі сипаттағы музыкалық шығармаларды эмоционалды түрде көрсете білетіндерін көрсетті. Әсіресе, «Perfect» әнін орындаған Жунусова Аделдің орындауындағы, Малюбаева Дильназ орындаған «Бір үйдің баласындай» әні эмоционалды әсер етті.

«Алтын бұлақ» мектеп конкурсы Балалар музыка мектебінің шығармашылық жетістіктерінің жинағын толықтырды: барлығы 27 жүлделі орын.

Барлық қатысушыларға, сондай-ақ конкурсқа қатысушыларды дайындаған педагогтарға шығармашылық табыс, үлкен жеңістер тілейміз!

bottom of page