top of page

Пневматикалық винтовкадан ату біріншілігі

Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының Алғашқы әскери дайындық кабинетінің күнтізбелік жоспарына сәйкес 2019 жылдың 15-16 ақпан күндері Атырау қалалық білім беру бөлімінің №2 орта мектебі базасында Кеңес әскерінің Ауғаныстан демократиалық республикасынан шығарылғанына 30 жыл толуына арналған колледж оқушылары арасында «Жас снайпер» пневматикалық винтовкадан ату біріншілігі өткізілді. Біріншілікке колледждердің 1-2 және 3-4 курс оқушылары қатынасты. Олар №8 нысанаға 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкадан атып бақтарын сынады.

Біріншіліктің мақсаты оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәриде тәрбиелеу болып табылады. Шараға 9 колледждан 72 оқушы қатынасты. Жарыс нәтижесі бойынша ұлдар арасында 1-2 курс кіші топ бойынша жүлделі 1 орынды- Шорохов Алексей (Атырау сервис колледжі) , 2 –орынды Щвецов Павел (Атырау сервис колледжі) , 3 – орын Жумахметов Алихан (Гуманитарлық колледжі) иеленді.

1-2 курс кіші топ қыздар арасында жүлделі 1 – орынды Гизатолла Аяжан (Гуманитарлық колледжі), 2 – орын Мухсиматова Айдана (Гуманитарлық колледжі), 3 – орынды Адибетова Айнагул (Индустралды колледжі) студенттері иеленді.

3 – 4 курс ұлдар арасында 1 – орынды Новиков Артур (Атырау сервис колледжі), 2 – орынды Маратов Ақжол (Индер көпбиімді колледжі),

3 – орынды Қадыр Айбар (Индер көпбиімді колледжі) иеленді.

3 – 4 курс қыздар арасында 1 – орынды Онайбаева Ақмарал («Болашақ» көпбиімді колледжі), 2 – орын Латипова Виалета (Атырау сервис колледжі), 3 – орынды Динғалиева Құралай (Индер көпбиімді колледжі) иеленді.

bottom of page