top of page

Жетім балалар мен мүгедек балаларға арналған Жаңа жылдық шырша мерекесі

24-желтоқсан күні Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан Алматы облысының әкімі А.Қ. Баталовтың қолдауымен жетім балалар мен мүгедек балаларға арналған Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Бұл аса керемет және оқушылар үшін есте қаларлықтай іс-шара болды. Мереке Талдықорған қаласының «Жастар» спорт кешенінде өтті. Лазерлік технологиямен безендірілген орта қатысушыларды «ертегі әлемінде» жүргендей сезімде қалдырды. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысушыларға шын жүректен құттықтау сөздерін жолдады. «Ұзынағаш ауылындағы өнер мектебінің» оқушылары П. Чайковскийдің «Щелкунчик» балетінен «Марш» көрінісімен, ғажайып киім үлгілерімен көрермендерді таң қалдырды. Жаңа жыл мерекесі оқушыларға қазіргі заман талабына сай әсемдігімен, жаңашылдығымен мерекелік әсер қалдырды.

Мерекелік іс-шараны өткізуге қолдау көрсеткен облыстық Білім Департаментіне және Абай атындағы опера және балет театрының солистері Ержан Досқараев пен Ариса Хасимотаға Алғыс білдіреміз!

bottom of page