top of page

Бейінді лагерь тәрбиеленушілерінің мерекелік концерті

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы №1 балалар музыка мектебінде 2018 жылғы 29 қаңтарда «Сириус» бейінді лагерінің бірінші ауысымын салтанатты жабу рәсімі өтті.

Екі апта бойы мектептің 130 оқушысы өз денсаулығын нығайтып, көп нәрсені білуге деген құштарлығы оянды. Лагерь бағдарламасына экскурсиялар, мұражайларға, кинотеатр, карусель мен аттракциондарға бару сияқты мәселелер енгізілген. Оқушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткізілген «Өнерлі бала - сүйкімді» жобасына, шығармашылық шеберханаларға (театралды, көркем-сурет студиялары, «Музыкант-полиглот», «Шумовой оркестр») спорт сайыстарына қатысты.

Бірінші ауысымның жабылуына мектеп жанындағы лагерь тәрбиеленушілері мерекелік концерт, музыкалық-театрландырылған «Бременские музыканты» қойылымын, оқушылардың қолынан шыққан аспабтарда шу оркестрінің бірегей композициясын орындады.

Музыкалық колледждің хор дирижорлығы бөлімінің оқушыларымен бірлесіп дайындалған балалар флешмобы ұйымдастырылды. Концерт «Мы вместе!» хор әнімен аяқталды.

Тамыздың 1-і мен 15-і аралығында мектеп жанындағы бейінді лагерьдің екінші жазғы маусымында мектептің 80 оқушысы демалады.


bottom of page