top of page

Өткен жылдарға бас иеміз...

Уақыт үнемі алға жылжи береді, ал артта біздің әрқайсымыз үшін және халық үшін маңызды оқиғалар қалады. Ешқашан ұмытылмайтын мерекелер бар, олар туралы есте сақтауға, лайықты атап өтіп, өскелең ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз. Осындай оқиғалар біз үшін Жеңіс күні болып табылады. Биылғы жылы бүкіл ел оның 73 жылдығын атап өтеді. Бұл күн ерекше мағынаға толы. Бұл – соғыс майданында мерт болғандар туралы киелі естелік. Бұл – біздің тарих, біздің ауыртпашылық, біздің үмітіміз...

Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде «Сенің есіңде ме?» естелік акциясы бастау алды. Осы оқиғаға Ұлы Отан соғысының ардагерлер даңқының стенді рәсімделген болатын. Мерекелік концерт өткізілді, оған мектебіміздің педагогтары мен оқушылары және біздің қонақтарымыз - № 37 балабақша тәрбиеленушілері белсенді қатысты. Соғыс жылдарындағы әндер айтылып, бейнероликтермен, деректі оқиғалар мен ардагерлер туралы слайдтармен сүйемелденді. Аспаптық музыка көрермендерді толғандырып, оларды қорқынышты, бірақ елеулі тарихи уақытқа апарғандай болды. Концертті Константин Сергеевич Макаров «Эх, дороги» әнімен ашты. Баян сыныбы бөлімінің педагогы Олег Михайлович Михайленко А. Новиковтың «Смуглянка» әніне виртуозды әрлеп жазған әнін орындады. Ер балалар хоры мен жеке орындаушы Әділ Бекімұраттың орындауында «День Победы» әні салтанатты шықты.

Соғыста және жуырда өмірден өткен ардагерлерді еске алып, бір минут үнсіздік орнады.

«Со слезами на глазах» мерекесі бірталай сезімге берілтті және әрқайсымыздың жүрегімізде терең әсер қалдырды.

Ардагерлер ұрпағы кетеді, біздің басты парызымыз бірде бір өмірден өткен солдатты естен шығармай және ортамызда жүрген ардагерлердің батырлық ерліктері үшін алғыс айтып, Ұлы Отан соғысы туралы тарихи естеліктерді сақтау. Осы Жеңіс үшін көп қан төгілді және біз бүгінгі күні, не алдағы уақытта ол туралы ұмытуға жол бермейміз. Отан Қорғаушылар мәңгі есте қалады!

bottom of page