top of page

Батырхан Сәрсенхан


Батырхан Сәрсенхан - 1995 жылы 28 наурызда ОҚО Ордабасы ауданы Ақпан аулында туған. Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» байқауының жеңімпапазы, Халықаралық Саттар Ерубаевтың жүз жылдығына арналған мүшайраның 2-орын иегері, Республикалық Қожаберген жырауға арналған ақындар байқауының 2-орын иегері, Республикалық «Шырайлым - Шұбайқызылым» ақындар байқауының 2–орын иегері, 2013 жылғы Облыстық «Шырайлым-Шұбайқызылым» атты жас ақындар байқауының бас жүлдегері.

Халықаралық «Шабыт-2014» фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» бойынша Гран-При иегері. Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» байқауының 1-дәрежелі дипломанты. Бірнеше аудандық, облыстық байқаулардың жеңімпазы. Жырлары 2013 жылы Жалын журналына арнайы Мұхтар Шахановтың алғысөзімен жарық көрген. "Мейірім ғаламшары" атты жыр жинағы жарық көрген.

Қазір Түркістандағы ХҚТУ-де білім алуда.

Аdebiportal.kzhttp://adebiportal.kz/kz/authors/view/2458

bottom of page