December 5, 2019
December 4, 2019
December 3, 2019
December 3, 2019
November 28, 2019
November 27, 2019
Соңғы хабарламалар
Таңдамалы хабарламалар
ЕЛБАСЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 150 МЕКТЕПТІҢ ІСКЕ ҚОСЫЛАТЫНДЫҒЫН АЙТТЫ
1 Sep 2014

Алтын ұя мектептерде күміс қоңыраудың күмбірі естіліп, білім ошақтары елге есігін айқара ашты. Жаңа оқу жылында еліміз бойынша 60-тан астам жаңа мектеп шәкірттерді құшақ жая қарсы алды. Бір ғана Астананың өзінде 4 білім ұясы пайдалануға берілді. Соның бірі № 75 көпсалалы гимназияда бүгін алғаш рет қоңырау соғылды. Ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, жаңа оқу жылын бастаған шәкірттерге сәттілік тіледі. Мемлекет басшысы еліміз егемендік алғалы мың мектеп ашылғанын, ал жыл соңына дейін тағы 150 білім ұясы іске қосылатындығын айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Бүгін Білім күні болып саналады. Елімізде 7600 мектепке 2 миллион 600 мың бала партаға отырады. 300 мың жасөспірім 1-сыныпқа баратындығы қуантады. Олардың саны былтырғымен салыстырғанда 70 мыңға көп. Бұл жастарымыздың, халқымыздың өсіп, туу көрсеткішінің артуын аңғартады. Бұл - «Қазақстан – 2050» стратегиясында алдымызға қойылған мақсаттарымыздың бірі.
www.24.kz
Tags:


