top of page

«Nur-Sultan Open 2021» жеңіл атлетикадан сайысы өтті

2021 жылдың 11-12 ақпан күндері Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдер арасында «Nur-Sultan Open 2021» сайыс өтті.

Сайыс жаңадан ашылған «Қазақстан» жеңіл атлетика манежінде ұйымдастырылды. Петропавлск, Қарағанды, Қостанай, Ақмола облысы және Нұр-Сұлтан қалаларынан 200 спортшы қатысып жүлделерді сарапқа салды. Аталмыш сайысқа Нұр-Сұлтан қаласының оқушылар сарайынан 41 жас спортшыларымыз қатысып жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Жарыс қортындысы бойынша 2006-2007 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Мақыш Асылхан 800 метрге және 1500 метрге жүгіруден жарыс жеңімпазы атанса, 2004-2005 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Думан Дубек 200 метрге жүгіруден күміс жүлдегер, 200 метрге эстафеталық жүгірісте чемпион атанды. Ахметкалиев Даниял күміс және қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар Муминова Роза 200 метрге жүгіруден, Курманбек Даниял 400 метрден күміс жүлдегер атанса, Нурлан Мансур 400 метрге жүгіруден 3-орын иегері атанды. Жарыс жеңімпаздары мақтау қағаздары мен медальдармен марапатталды. Жаттықтырушылар Қабидолда Қуандық, Амангелді Раяна.

 
 
 

Comments


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page