Қалалық жас туристер стансасы 2021 жылдың 10 наурыз күні 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Туризм арулары - 2021» спорттық туризм техникасы бойынша қалалық онлайн жарысын өткізді.
Жарыстың мақсаты: қыз балалар арасында белсенді туризмді дамыту, спорттық-туристік шеберліктерін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, командалар арасындағы ең мықтыларды анықтау.
Жарыс қыз балалар арасында топтық есепте өткізілді.
Жарысқа қала мектептерінен сегіз топ қатысты. Олар № № 46, 1, 65, 60 орта мектептер, Сымбат ЖМ, №21 ОМГ және ҚЖТС оқушылары. Жалпы қатысушылар саны отыз екі адамды құрады.
Жарыстың бағдарламасы келесі номинациялардан тұрды:
1. «Туристік түйіндер» номинациясы. ZOOM платформасында туристік түйіндер бойынша жарыс.
2. «Азимут» номинациясы. Берілген маршрут бойынша картадағы бақылау пунктерін анықтау, WhatsApp желісі арқылы компас және транспортирді пайдаланып берілген бағыттағы маршруттың градусын анықтау. 3. «Арайлы Ақтөбе» номинациясы. WhatsApp желісінің видеоқоңырауы арқылы Ақтөбе қаласының және облысының тарихы, мәдениеті, экологиясы бойынша викториналық сұрақтардан жарыс. 4. «Туристік лайфхак» номинациясы. Әр топтың белсенді туризм және өлкетану саласында қолдануға пайдалы, тиімді, қолайлы затты жасау кезіндегі видеотүсірілімін Telegram арқылы жіберу. Жеңімпаздар Ақтөбе қаласының «Әдістемелік кабинеті» КММ дипломдарымен марапатталды. «Туристік түйіндер» номинациясы: I орын – Болат Илиада, №46 ОМ II орын – Кушнир Дарья, Сымбат ЖМ IIIорын - Ешмухамбетова Диляра, №1 ОМ «Азимут» номинациясы: Iорын – Нагаева Татьяна, №1 ОМ IIорын – Исалиева Малика, Сымбат ЖМ IIIорын – Танибергенқызы Арайлым, ҚЖТС «Арайлы Ақтөбе» номинациясы: I орын – Нұлы Аяулым, №21 ОМГ II орын – Сакенова Ляззат, №1 ОМ IIIорын – Айтжанова Аружан, ҚЖТС «Туристік лайфхак» номинациясы: I орын – №1 ОМ, «Роза ветров» тобы IIорын – №46 ОМ, «Параллель» тобы IIIорын – ҚЖТС, «Динамит» тобы Жалпы топтық есеп: I орын – №1 орта мектебі, «Роза ветров» тобы IIорын – Сымбат жеке мектебі, «Сымбат - Гео» тобы IIIорын –№46 орта мектебі, «Параллель» тобы IIIорын – ҚЖТС, «Динамит» тобы. Педагог ұйымдастырушы Н. Нурмаганбет
Comentarios