top of page

25 ҚАЗАН РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ 25 ШАҚЫРЫМДЫ ТУРИСТІК ВЕЛОЖОРЫҚ

25 қазан күні аудандық «Жас туристер станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Республикам, менің Айбатым!» атауымен Жымпиты ауылы – Шағырлыой ауылы-Жымпиты өзені маршруты бойынша 25 шақырымды құраған бір күндік веложорық ұйымдастырылды. Веложорыққа орталықтың қосымша білім беру педагогтары қатысты. Орталық алаңдағы салтанатты жиын алдында старт алған жорықтың мақсаты ұлттық мейрам Республика күні мерекесін көпшілікке маңызын айқындау болатын.

Жорықшылар жоспарлы маршрут бойынша Шағырлыой ауылына аялдап, онда туристерді Абай МББК-нің мектеп әкімшілігі мерекелік көңіл күймен қарсы ала отырып, қазақы дәстүрмен дәм ұсынды. Мектеп директоры Гүлмира Жолайқызы қош келдіңіздер айта отыра, жорықшыларды ұлттық мерекемен құттықтады. Одан әрі мектеп музейіне бас сұғып, онда ауыл және мектеп тарихымен танысса, өз кезегінде биылғы жылы құжаттаудан өткен мектеп музейіне облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының «Музей паспортын» мекеме басшысы Батыршин Бейбіт Ахметұлы музей жетекшісі Әбілқасимова Күләш Сапиқызына арнайы тапсырды. Маршрут бойы қозғалған веложорықшылар жоспарлаған жорықты сәтті жүріп өтіп, межелеген Жымпиты өзенінің бойынан аяқтады.

Дереккөзі:https://www.facebook.com/100003194971377/posts/pfbid0Rvrgt8VC7UW6fJF1CahYGh3bzss6wxjcjiCewntNZMGLNoQtH25Fr6AJNdE4KF54l/?mibextid=Nif5oz

Comments


bottom of page