top of page

Сәбит Дөнентаев

Шіркін, жиырмасыншы ғасыр! (Ол кісі солай айтатын) Басында тарих ерекше ықпалды болған ғой. Мұны жазып отырған Құлбек Ергөбеков ол кісісі аталған ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде шұғылалы шуақты жүрегінің жарық сәулесін түсірген ғалымдардың көшбастаушыларының бірі – профессор Бейсембай Кенжебаев.

...Мұхаметжан Сералин, Сұлтанмахмұт Торайгыров, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев, Әріп Тәңірбергенов...Қай-қайсы да қызық тағдыр иелері Ғалым Бейсекең айтса айтқандай қызық болуы мен қатар қаламдарынан туған қадау-қадау шығармаларыда ерекше жандар. Аталған қаламгерлердің арасынан С.Торайғыров, С.Дөнентаев, С. Көбеевтердің мектеп бағдарламасына еніп, мектеп қабырғасында-ақ біз олардың есімдерін біліп, шығармаларымен там-тұм таныс боп өстік.

Бір ғажабы, Сәбит Дөнентаевтың жеке кітабы көзіме түскен емес еді. Сөйтсек, ақынның шығармалар жинағы жарық көрмегеніне отыз жылдан аса уақыт өткен екен. Сол олқылықтың орны 1989 жылы «Мектеп» баспасы жарыққа шығарып «Қазақ өлеңінің бозторғайы» атты тақырыппен Қ.Ергөбеков алғысөз жазған жинақ азда болса толықтырған сынды.

Аталған жинақ «1912-1918 жылдардағы және совет тұсындағы өлеңдері» деген екі бөлімнен тұрды. Сәбиттің шағында шымыр өлеңдерінің арасында балаларға арнағанжырлары да баршылық. Соның бірі - «Балалық» атты өлеңі. Осындағы:

Шығын демей қирағанды, күйгенді,

«Тек отыр» деп дұшпан көріп тиген-ді.

«Құбыжық» деп бөркін теріс кигенді,

Жығылғанын жұрттан көрген балалық,-

деген жолдар тез алданғыш, тез сенгіш ауыл баласын көз алдыңа әкеледі. Ақын алдағанға қолындағысының бәрін беретін баланың балалығын қызықты да тартымды етіп жырлай келіп:

Заман өтіп бара жатыр желдетіп,

Өзге халық өсіп жатыр ер жетіп,

Текке отырған көздің жасын көлдетіп,

Қашан кетер біздің елден балалық,- деп сауал тастап, әлеуметтік мәселені де қозғай кетеді. «Балалықты сағыну», «Ұры мен баласы» атты өлеңдері балаларды мейірбандыққа шақыру, ұрлық-қарлық сияқты жаман әдеттен сақтануға үндейді. Ұры әкесіне баласының ол бізді көріп тұрған Құдай деді. Оны қатты састырады. Оған ақынның:

Білмеді не айтарын жазған ұры,

Ұялып текке қарап, тұрды құры.

Ұрыдан ұрлық кетті мұнан кейін,

Еріген қар секілді жазғытұры деуді айғақ.

Алайда бабадан балаға мирас болып тарайтын зұлымдықтың, ашкөзділіктің ел ішінде белең алып, асқынып тұрған түрі бір ұрының тәубаға келіп, шектелдімен тоқтамасы хақ. Бұл емес, жаңа шыққан бір жат хабар,

(Мұндай іс әркімде бар әрқайда бар, жүз жерден бала түгіл, үлкен айтсын,хақ сөзге таулық етер жан қайда бар).

Бұл – бұлтарпас өмір шындығы. Ал реализм ақын шығармасының құндылығын арттыра түседі. «Сәбит XX ғасыр басындағы қазақ ақындары арасында сатира жанрында дара тұлға», -деп атап көрсетеді Қ.Ергөбеков.

Зерттеуші ғалымның бұл пікірі талас тудырмайды. Ақынның «Заман кімдікі», «Қайтып қарғыс алмайсың» , «Ұлтшылға» атты лирикалық толғаныстары да күні кеше жазылғандай әсер қалдырады. Мына төмендегі шумақтарды оқысаңыз оған көзіңіз жете түседі.

Жаным –хақ, қара басым-патшанікі,

Абырой, кісілігім –ақшанікі,

Билігім, жиған малым, сөйлер сөзім

Ашулы, жұдырығы зор саспанікі.

(«Заман кімдікі»)

Жамандықтың жанынан

Жарты шерік қалмайсың.

Өзің шыққан ұлтыңнан,

Басшы қылған жұртыңнан.

Бұл мінез, бұл құлқыңнан

Қайтып қарғыс алмайсың?!

(«Қайтып қарғыс алмайсың»)

Дегенде « ал істейік ұлттың ісін»,

Атыңның басын тартып кежімдейсің.

Әр істі аузың айтып, қолың қылмай,

Қай түрмен: «елді бастап едім» дейсің.

Орныңа өз ақылың келе алмаса,

Дірілдеп қалшылдайсың, безілдейсің.

(«Ұлтшылға»)

Басшы атанса да жамандықтың ең зоры

Кісі қақысын жеу, қоғам мүлкіне

Қол салу, пара қорлық қылмыскерді

Қорғау сияқты әдеттерден тиыла алмай

Істі болғандар, болатындар, ақынша айтсақ өз ұлтынан мұндайлардың алғыс алуы екіталай.

Ал, «жұртым» елім дейтіндер қазірде жыртылып айрылады. Күні кеше тіл мәселесі өткір көтерілген кезде кейбір ағаларымыз «Қазақ тілін білмейтіндер қатаң жазалансын», «Қызметтен қуылсын» деп ұран тастағаны есте. Күні кеше қазақша тіл қатқан қандасын жерден алып, жерден салып сыбағасын беретін ағаларымыздың соншалықты өз ұлтының қамын жеуші болып шыға келуі таңқаларлық еді.

Сөйтсек, ақын айтса айтқандай олардың онысы «Өзінің пайда тура қамын ойлау» дәрежелі табысты қызметке ұл- қыздарын тықпалау екен. Ал ол ойлары жүзеге аспаған тұста «дірілдеп, қалшылдап, безілдеп» қазақ мектебіне берген балаларын қайтадан орыс мектебіне ала қашқан. Мұның өзі қоғамдық құрылымдағы сан алуан өзгерістердің өзі адам табиғатына бірден оң ықпал ете алмайтынына көз жеткізеді. Ақынның совет тұсындағы өлеңдерінде ұраншылдық екісөзділік мен мұндалап- ақ тұр.

Соның бірі «Қаулы атты өлеңі», «ұятта басқалардан қалғанымыз» деген басты ұраншының сөзін іліп алып бай малын, батыркүшін аямасын деп даурығысқан жұрт. Мынау бай, анау кедей дегенді есепке алар жан жоқ.олардың осы көзсіз әрекеттерін ақын бәріде «өлімге айда баратындар» деп зілсіз іліп өтеді.

Өлең түйіні:

Сөз бітті, ет желінді, қаулы қалды,

Халыққа өкпе барма, аузына алды.

Еттің де, халықтың да өркені өссін.

Ермектік бір әңгіме болды қалды.

Осы жолдарды оқығанда кешегі кеңестік кезеңнің бораған қардай біріне-бірі жалғасып жататын қаулылары еске түсті.

Кеңес өкіметінің құлауының басы себептерінің бірі еріксіз ешқашан орындалмайтын сол қаулыларда жатқан ж

Недавние посты

Смотреть все

Dastur cup ІІІ нәтижелері✅

▶️Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық" және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «ДӘСТҮР» ИПК ұйымдастыруымен 2024

bottom of page