top of page

Менің Шымкентім - менің мақтанышым

Оқушылар сарайының Достық музейінде «2020 жыл - Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы» кешенді бағдарламасы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай «Менің Шымкентім - менің мақтанышым» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Іс-шараның бағдарламасын ұйымдастыруға М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың студент-практиканттары да өз үлесін қосты.

Мерекелік бағдарлама барысында Шымқаланың тарихына шолу жасалып, Шымкент қаласының кешегі тарихы мен бүгіні жайлы бейнебаян көрсетілді. Шымкент қаласының атын әлемге танытып жүрген жерлестеріміз жайлы мәлімет берілді.

Құрметті қонақтар-әжелер қазақ халқының көрімдік, байғазы, сыбаға дәстүрлері жайлы әңгімелеп, оның шығу тарихымен таныстырды.

Мерекеге түрлі ұлт өкілдері - балалары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Шымқала жайлы ән шырқалып, «Достық» биі биленді. Көрермендер үшін ұйымдастырылған ойындарға балалар қызығушылықпен қатысты. Мереке соңында барша қатысушылар қонақтармен естелікке суретке түсті.

Недавние посты

Смотреть все

Dastur cup ІІІ нәтижелері✅

▶️Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық" және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «ДӘСТҮР» ИПК ұйымдастыруымен 2024

bottom of page