2020 жылғы қаңтар айында Атырау қаласының № 36 мектебінде «Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының қатарына өту рәсімі өтті.
Чеканный шаг, қол шапалақтау, «Қазақстан Республикасына қызмет етемін!» анты «Жас сарбаз" тәрбиеленушісінің куәлігін растау белгісі.
«Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстандықтардың жас буынын әскери-патриоттық тәрбиелеудің рөлін күшейту мақсатында құрылды.
Атырау облысы бойынша бүгінгі күні оның құрамында 188 әскери – патриоттық клубтары, 17 «Жас Сарбаз» сыныптары мен 26 «SMART SARBAZ» сыныптарында 5975 тәрбиеленуші қамтылды.
Іс-шара қатысушылардың өздері дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.