2019 жылы 15 қараша күні Шымкент қаласы білім басқармасының 06.11.2019 жылғы №677 бұйрығының негізінде «Экологиялық сауаттылық – болашақ кепілі» тақырыбындағы қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің мәжіліс залында өтті.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты: педагогтардың шығармашылық әлеуетін, экологиялық тәрбие берудегі біліктілігін арттыру, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларымен бірлесіп жұмыс атқаратын мекемелер мен экология-биологиялық бағыттағы мектептердің педагогтарымен тәжірибе алмасу.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияға ОҚМПУ ректоры, М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқытушылары, Шымкент қаласының туризм басқармасының басшылары, табиғат қорғау мекемелерінің басшылары, бірқатар мектеп директорлары мен мұғалімдері, қосымша білім беру мекемелерінің басшылары, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Шымкент қалалық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің қызметкерлері, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының, Экология департаментінің, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшылары, Түркістан облысының аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, Арыс және Төлеби ауданының Жас туристер станциясының директорлары, «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ қызметкерлері, бірқатар БАҚ өкілдері және ОҚМПУ студенттері, оқытушылары қатысты. Жалпы 350 адам (шақырылған қонақтар – 145, Экология орталығының қызметкерлері – 26, білім алушы – 10, қосымша білім беру мекемелерінің өнерпаздары – 46, студент – 115, жетекші – 7) қатысты.
Конференция алдында ОҚМПУ фойесінде «Экологиялық сауаттылық – болашақ кепілі» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Бұл көрмеге «Экологиялық орталығы» КММ, «Сайрам-Өгем Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ, «А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК, Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы, Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы, Оқушылар сарайы, Балалар көркем-сурет мектебі экологиялық бағыттағы суреттер, кітаптар, бұйымдарын қойды.
Конференцияның бекітілген бағдарламасына сәйкес төмендегі тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдалды:
«Экологиялық орталығының құрылу тарихы мен қызметінің бағыттары» «Экологиялық орталығы» КММ директоры Камытбекова Улжан Жайлауовна,
«Түркістан облысында экологиялық сананың даму ерекшеліктері» М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Экология» кафедрасының доценті Изтлеуов Гани Молдакулович,
«Қосымша білім беру жүйесін қалыптастыру жағдайында оқушыларды кәсіби бағдарлауға үйрету» «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Бурисова Бибигуль Нарзилдаевна,
«Экологиялық іс-шараны ұйымдастыру» Сайрам Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Қынтаев Сахит Жақсымбетұлы,
«Экологиялық білім мен тәрбие берудің маңыздылығы» М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистр, оқытушысы Аскербекова Арайлым Мырзаханкызы,
«Экологиялық құзіреттілікті қалыптастыру» Арыс қаласы Жас туристер, техниктер және натуралисттер станциясы директоры Қарынтаева Ұлжалғас Оңғарбайқызы,
«Экологиялық тәрбие беру арқылы оқушылардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыру» Ы.Алтынсарин атындағы №65 м/г мұғалімі Альжанова Нургул Салимханқызы,
«Кен сілтілеуді белсендетуде экологиялық тиімді өңделген микрофлораны қолдану» Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің б.ғ.к.д. Жаппарбергенова Эльмира Бегимбаевна.
Конференция қорытындысы бойынша баяндамаларда айтылған мәселелер мен ұсыныстарды қазіргі заман талабына сай қосымша білім мен тәрбие беруде инновациялық бағдарламалар арқылы оқушылардың туристік-өлкетану және экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін арттыру мақсатында алдағы қызметінде мыналарды негізге алады:
«Экологиялық тәрбие беру арқылы оқушылардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыру» мақсатындағы міндеттерді;
Қосымша білім беру жүйесін қалыптастыру жағдайында оқушыларды кәсіби бағдарлауға үйрету жолдарын;
«Экологиялық сананың даму ерекшеліктері» жолдарын;
Табиғат қорғау мекемелерінің ұйымдастырылып өткізілетін табиғат қорғау акцияларына белсенді қатысу;
«Экологиялық құзіреттілікті қалыптастыру» бойынша қазіргіэкологиялық білім беру жүйесінде оқушының құзыреттілігін сипаттайтын аспектілерін.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның марапаттау рәсімінде «Экологиялық орталығы» КММ бірлесіп, серіктес болып жұмыс істеген табиғат қорғау мекемелері мен аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, Экологиялық орталығына қолдау білдірген қолдаушылар мен демеушілер және ұйымдастырылып өткізілген іс-шараларға белсене қатысқан мектептер мен үздік педагог жетекшілері, қосымша білім беру мекемелері және БАҚ өкілдері төмендегі номинация бойынша марапатталды: «Үздік қолдаушы» номинациясы, «Балалар экологиясының серіктестері» номинациясы, «Экологиялық бағыттағы іс-шарларға белсенді қатысушы мектеп» номинациясы, «Үздік серіктес» номинациясы, «Үздік демеуші» номинациясы, «Үздік әдіскер» номинациясы, «Үздік педагог жетекшілер» номинациясы, «Үздік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері» номинациясы, «Үздік әріптес» номинациясы, «Үздік экология тарландары» номинациясы.
Іс-шара барысында Шымкент қаласы, №1 Балалар саз мектебі, №2 Балалар саз мектебі, №3 Балалар эстетикалық саз мектебі, №4 Сайрам балалар саз мектебі, Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы, Оқушылар сарайы, Балалар өнер мектебі марапат иелерінің құрметіне өздерінің өнерін көрсетті.
Іс-шара барысы «NAR TV», «Собкор» ЖШС телеарнасының жаңалықтарынан көрсетіліп, «Шымкент келбеті», «Болашақ» газеттері мен Instagram, Facebook желілерінде жарияланды.
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Экологиялық орталығы» КММ
Әдістемелік бөлім меңгерушісі Ж.Таштанұлы