• 5 дек. 2019 г.

«Табиғат әлемі балалар көзімен» атты қалалық көрме байқауы

Шымкент қаласы білім басқармасының 2019 жылғы 06 қарашадағы №676 бұйрығына сәйкес жасөспірімдерге экологиялық тәрбие мен білім беру, қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына баулу, табиғи заттардан қолөнер бұйымдарын жасау арқылы сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал ету мақсатында Бейнелеу өнері музейі базасында «Экологиялық орталығы» КММ ұйымдастыруымен 26-28 қараша күндері «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты қалалық көрме байқауы өтті.

Байқауға қаламыздың жалпы білім беретін мектептері мен қосымша білім беру мекемелерінің 11-17 жас аралығындағы білім алушылары қатыстырылды.

Байқау 5 номинация бойынша өтті:

  1. «Экология балалар көзімен» атты көркем суреттер номинациясы

  2. «Табиғат тынысы» тақырыбындағы фотосуреттер немесе фотоколлаждар номинациясы

  3. «Табиғи материалдан жасалған бұйым» номинациясы

  4. «Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар» номинациясы

  5. «Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы» номинациясы.

Байқауға түскен жұмыстар саны - 793, оның ішінде көркем суреттер - 300, фото - 81, панно - 197, тұрмысқа арналған креативті бұйымдар - 175, дизайн-жоба- 40.

Қазылар алқасының шешімімен (хаттама негізінде) төменде көрсетілген оқушылар жеңімпаз деп танылды:

Байқауға түскен балалар көркем суреттері мен табиғи материалдан жасалған пано, апликациялары, сәндік қолданбалы қолөнер бұйымдарының, дизайндық-жоба жұмыстардың мазмұнды, сапалы орындалуымен ерекше болды. Қосымша білім беру мекемелерінің білім алушыларының жұмыстарының орындалу деңгейі жоғары болды.

Байқауға түскен жұмыстар арасынан жеңімпазды анықтау үшін құрылған қазылар алқасы құрамында суретшілер, табиғат қорғау мекемесінің эколог мамандары, білім беру мекемелерінің жоғарғы және бірінші санатты ұстаздары жұмыс жасады.

26 қараша күні қазылар алқасының сараптауымен үздік жұмыстар анықталды. 27 желтоқсан күні қала мектеп оқушыларына, жоғарғы, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарына тегін көрме ұйымдастырылды.

28 қараша күні жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.


  • зеленая планета

Недавние посты

Смотреть все

«One Рower» волонтер клубы

2021 жылғы 20 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті. Бағдарламаның екінші кезеңінде Оқушылар сарайының «One Рo

«Жылдың үздік ұстазы-2020»

Қарағанды медициналық интерколледжінің оқытушысы Алтынбеков Мейрам Бостанович-«Жылдың үздік ұстазы-2020» республикалық байқауының «Үздік жас ғалым-2020» номинациясының жеңімпазы атанып, медаль мен І

«Black&White» медиакомпаниясының продюсерімен кездесу

2021 жылғы 21 қаңтар күні «Қаламгер» баспасөз орталығының түлегі Адина Хамармен онлайн – интервью өтті. Қазіргі таңда Адина Нұр - Сұлтан қаласында «Black&White» медиакомпаниясының продюсері. «Black &

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More