• 3 дек. 2019 г.

Балаларға арналған қосымша білімнің «Роботехника», «ROBO KIDS», «Robo Land», «Эко моделирование үйі

2019 жылғы 28 қарашасында Жезқазған қаласының «Балалар мен жасөспірімдер сарайы» жанындағы Шығармашылық дамыту орталығына Жезқазған қаласының әкімі Бегимов Қайрат Баяндыұлы, қала әкімінің орынбасары З.Ж. Ақылбекова, Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелері, әкім аппаратының қызметкерлері, БАҚ өкілдері келіп, балалардың шығармашылық орталықтағы жұмыстарымен танысты.

Қонақтар «Туризм және өлкетану», «Экологтар мен техникалық бағыттағы» «Сәндік-қолданбалы және көркем өнер» бөлімдерінің үйірмелерінің жұмыстарымен танысып, үйірмеге қатысатын балалармен сұхбаттасты. Аталған орталықта 26 үйірме жұмыс жасайды. Онда қамтылған бала саны - 700.

Бөлімдерде атқарылып жатқан жұмыстармен келген қонақтарды Сарай басшысы Отарбаева Д.Қ. қысқаша таныстырып өтті. Әр бөлімдегі үйірмелер жайлы ақпаратты бөлім басшылары баяндады, оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстары жайлы айтты. Қонақтар «Туризм және өлкетану» бөліміндегі «Ұлы дала тарихы», «Қазақстанның сакралды орындары» стендтеріді тамашалап, кабинеттердегі тәриеленушілердің сабақтарына қатысты. Бөлім педагогтері жыл сайын «Шаңғы жолы», «Алтын күз», «Спорттық бағдарлау» сайыстарын өткізетіндігін, оған тек қана сарай үйірмешілері ғана емес, қала мектептерінің оқушыларының да тартылатынын айтты. Туризм және өлкетану бағыты бойынша үйірмеге қатысушы оқушылар облыстық, республикалық сайыстарға белсене қатысып, жүлделі орындармен оралуда.

Орталыққа келген қонақтар «Жасыл технологиялар» блогында болып, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. «Химия әлемі» үйірмесінде балалардың лабораториялық тәжірибелерін көріп, қызығушылықтарын білдірді. Бөлім меңгерушісі А.Н. Матвеев қонақтарды «Жасыл технологиялар» үйірмесінің аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен жете таныстырды.

Қонақтар қазіргі заман талабына сай ашылған «Роботехника» үйірмелерін көріп, «Стэм-лаборатория», яғни техникалық бағыттағы бөлімінің «ROBO KIDS», «Robo Land», «Эко моделирование», «Робототехника» үйірмелерінің жұмыстарымен танысты.

Іс-шара барысында тәрбиеленушілер практика жүзінде жұмыстарын көпшілікке көрсетті.

Биылғы оқу жылынан бастап дарынды оқушыларға арналған «КОЛОРИТ» ИЗО студиясы жұмыс жасайды. Студия қосымша білім беру жағдайында кәсіпке дейін және кәсіптік бағдар беруге бағытталған. Экскурсия кезінде қонақтар плэнерге сурет салып отырған балалардың жұмысын тамашалады.

Іс-шараға қатысушылар оқушыларға қазақ халқының қол өнерін үйрететін «Сиқырлы саусақ», «Алтын» оймақ» үйірмелерінде өтіп жатқан сабақтарды көріп, оқушылармен сұхбаттасты.

Үйірмешілер іс-шара соңында қала әкімімен және келген қонақтармен естелік суретке түсті.


  • жұлдыз каз
  • эврика каз

Недавние посты

Смотреть все

«Алау» және «Жас ұлан» әскери-спорттық ойындарының жеңімпаздарын құттықтаймыз

Алматы облысы, Көксу ауданы, Қ.Қ. Жалайыри атындағы ОМГ «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің республикалық әскери-патриоттық қозғалысы ұйымының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Алау» және «Жас ұла

«Қысқы спорт түрлері» тақырыбында брейн-ринг

2021 жылғы 09 қаңтар күні Қарағанды қаласы, №77 жалпы білім беру мектеп- балабақша кешенінің «Жас Сарбаз» 9"Б",10"Б", сынып тәрбиеленушілері арасында «Қысқы спорт түрлері» тақырыбында брейн-ринг өткіз

«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі»

Қарағанды облысы, Сатпаев қаласы С.Сейфуллин атындағы гимназиясы қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастау мақсатында, адам өміріндегі ең игі істерінің

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More