2019 жылғы 28-қарашада БҚО әкімдігі білім басқармасы Қаратөбе ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ мекемесінің мамандары мен «Аймақтық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру» мекемесінің қызметкерлері бірлескен түрде ата-аналарға арнап, «Ерте жастағы ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға үй жағдайындағы түзеу жұмыстары» тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізілді.
Семинардың мақсаты – инклюзивті білім беруде білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, жеке тұлғаға бағытталған оқыту әдістерін қолдану негізінде білім беру іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы дамыту мен оқытуды қамтамасыз етеді. Бағдарлама бойынша Қаратөбе ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» мекемесінің меңгерушісі А.Б. Зейнуллин семинардың ашылуына сөз сөйлесе, ата-аналар мен мамандарды таныстыру мақсатында ауданының ППТК педагог-психологі Д.Н. Абдрахманова «Кел, танысайық» атты тренинг жүрізді.
Семинар барысында Қаратөбе ауданының ППТК педагог-психологі Д.Н. Абдрахманова «Үй жағдайында писхологиялық проблемалары бар балаларға түзете-дамыту көмегін көрсету», Қаратөбе ауданының ППТК олигофренопедагогі А.А. Аюпова «ЕББҚ бар балалармен үй жағдайында қолданылатын дидактикалық ойындардың әдістері мен тәсілдері» және Қаратөбе ауданының ППТК логопеді А.Қ. Қайырлиева «Мектепке дейінгі жастағы тіл кемістігі бар балалармен үй жағдайында жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері» атты шығармашылық шеберлік сыныптарын өткізді. Сонымен қатар АПМПК әлеуметтік педагогы А.Г. Магзомова «Үй жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларда әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларын қалыптастыру», АПМПК тифлопедагогі Ф.С. Акмурзина «Баланың көру қабілеті бұзылысының үй жағдайында алдын алу» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізсе, АПМПК әдіскері Э.Б. Ержанова «Хан талапай» асық ойыны атты шеберлік сыныбын жүргізе отырып ата-аналармен жұмыстанды. Семинарға Қаратөбе ауданының ППТК тәрбиеленушілерінің ата-аналары қатысып, тапсырмалар орындап, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, мамандардың іс-тәжірибесімен танысты.