top of page

«Skills_Club» клубының алғашқы бастамасы

2019 жылғы 18 қарашада Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы бастамасымен педагогикалық мамандық бойынша колледж бітіруші студенттері үшін «Skills_Club» клубы ұйымдастырылды.

Клубтың мақсаты – студенттерді ХХІ ғасырдағы негізге кәсіпке қоса икемді дағдыларын дамыту тәсілдерімен таныстырып, қолдау көрсету болып табылады.

Клубтың жұмыс форматы – тренинг, талқылау алаңдары, фасилитациялық сабақтар, трансформациялық ойындар. Болашақ мамандар сыни және шығармашылықпен ойлауға, коммуникация мен эмоцияларын басқару дағдыларына ие болу қажет. Осы мақсатта Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджерлері Пазылова Гүлмира Шойғарақызы, Мусина Айгүл Дәулетжанқызы студенттерді «Skills_Club» клубының мақсат-міндеттері, жыл бойына жоспарланған бағдарламасымен таныстырып, ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдыларының шебер әдіс-тәсілдер жолдарын көрсетті. Колледжімізден барлық мамандықтардың бітіруші топтарынан 45 студент клубқа қатысып, қызығушылық, белсенділік танытты.

Көкшетау қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының басшысы Ильясова Динара Серікқызына, жоғары деңгейде ұйымдастырған аға менеджерлері Гүлмира Шойғарақызы және Айгүл Дәулетжанқызына алғысымызды білдіреміз.

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page