Дариға Назарбаева «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жас көшбасшыларын құттықтады.
2019 жылғы 1 қарашада Павлодар қаласындағы М.М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» қатарына қосылу салтанаты өткізілді. Құрметті қонақтар қатарында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары және қоғам қайраткерлері болды.
Қонақтар балалар-жасөспірімдер ұйымының жаңа көшбасшыларына галстуктер байлады. Балалар Отанға деген адалдық, үлкендерді құрметтеу, табиғатқа ұқыпты қарау туралы ант берді және «Жас Ұланның» әнұранын орындады.
- Алдыңызға үлкен мақсат қойып, оларға қол жеткізуге тырысыңыз! Бұл жол сіздің бақытыңыз мен Отанымыздың гүлденуі үшін табысты болсын! Сіздердің таланттарыңыз, Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз сіздерге нағыз көшбасшы болуға көмектесіп қана қоймай, алдағы уақытта да еліміздің табысты дамуының кепілі болатынына сенімдімін - деп Дариға Назарбаева балаларға өз тілегін жеткізді.
Бұл күні Оқушылар сарайында 50 оқушы «Жас Ұлан» және 20 оқушы «Жас Қыран» қатарына қабылданды.