Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен әскери-патриоттық, тәрбиені өскелең жас ұрпақтың арасында дамытып, жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлықты арттырып, Отан тарихына құрметпен қарап, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына жауапкершілікпен тәрбиелеу мақсатында, Қорғаныс Министірлігі мен басқада мемлекеттік органдар бірлесе, Республикалық жасөспірімдер арасында әскери-патриоттық қоғамдық қозғалыс «Жас Сарбаз» ұйымына мүше ретінде арнайы Алматы қаласында сегіз ауданның сегіз мектебінде «Жас Сарбаз» сыныптары ашылды.
Жетісу ауданы бойынша М.Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін мектептің 5- сынып оқушыларынан «Жас Сарбаз» ұйымына, құрамы 25 оқушыдан тұратын сыныптың ант қабылдау рәсімі өткізілді.
Салтанатты жиынға: Жетісу аудан әкімінің орынбасары В.Д.Вавилин, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитеті кеңесі басшысының орынбасары генерал Р.И.Тынбаев, Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы С.А.Кусаинова, Ауған соғысының ардагері подполковник С.К.Баймулдинов, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құрметті қызметкері,подполковник Т.Ж.Смағұлов, ҚР Алматы қаласы бойынша ардагер полковник М.Ж.Шанпейсов, Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті басқармасы басшысының орынбасары майор Р.Р.Рахимжанов, Алматы қаласының әкімдігі жанындағы Ауған соғысы ардагерлерінің үйлестіру кеңесінің төрағасы, «Құрмет» «Айбын» ордендерінің иегері-майор М.М.Абдишукуров, Жетісу аудандық қорғаныс істер басқармасының бастығы-полковник М.А.Қаржауов, Алматы қаласы Б.Момышұлы атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебінің бір топ «Ұлан» тәрбиеленушілер тобы қатысты.