
ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша 2019 жылғы 19-20 қыркүйекте «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетін Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Қатаркөл селосы, «Звездный» лагерінің базасында өтті.
Слетке «Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық слеттерінің жеңімпаз топтары – республиканың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты.
Слет номинацияларын қазылар алқасы мүшелері – Абай Мырзахметов атындағы университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің өкілдері, Спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясы, Щучинск қаласының тарихи-өлкетану мұражайы, Ақмола облысының қосымша білім беру мұғалімдері бағалады. Слет нәтижелері бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.
Номинациялар бойынша жеңімпаздарға I, II, III дәрежелі дипломдар мен құнды сыйлықтар, жалпы командалық есепте – кубок және дипломдар берілді.
Барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарды дайындаған жетекшілерге алғыс хаттар табысталды.