«Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық Слеті аясында 2019 жылғы 19-20 қыркүйекте туристік-өлкетану және экологиялық-биологиялық бағытта балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым басшыларының республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді.
Үйлестіру кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасының туристік индустриясын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, экологиялық мәдениетті насихаттау, азаматтық сананы қалыптастыру, өлкетануды дамыту және жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға араластыру мәселелері бойынша мемлекеттің, қоғамның және кәсіби қоғамдастықтың өзара іс-қимыл мәселелерін талқылауға бағытталған құрылымды сұхбат өткізілді.
Өзекті мәселелерді талқылауға білім және ғылым, мәдениет және спорт, экология, геология және табиғи ресурстар, ішкі істер, денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, жалпы орта, қосымша, кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдарының басшылары мен әдіскерлері қатысты.
2019 жылғы 210 қыркүйекте Үйлестіру кеңесінің қатысушылары Слет қатысушыларымен «БІРГЕ – ТАЗА ҚАЗАҚСТАН!» республикалық акциясына қатысты.(үйлестіру кеңесінің қатысушылары және слет қатысушылары).