Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтетін уақыт.
Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды.
Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.
Осыған байланысты, жазғы демалыс маусымында Арыс қаласында тұратын 7-13 жас аралығындағы 4010 баланы жазғы демалыс лагерлерінде демалдыру жоспарланған болатын.
Бүгінгі таңда еліміздің барлық демалыс аймақтарына жалпы 3106 оқушы лагерлерде демалыспен қамтылса, бүгін қосымша тағы да 47 бала Атырау қаласына, 70 бала Арқалыққа, 100 бала Ақтөбе қаласындағы лагерге демалуға аттанды. Игі шара жалғасын табатын болады.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі