top of page

БАЛА ДЕМАЛЫСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Арыс қаласы бойынша жазғы демалыс кезеңінде 4000 бүлдіршінді демалыс аймақтарында демалдыру жоспарланып, еліміздің бірқатар өңірлеріндегі лагерлерде бүлдіршіндері кезең-кезеңімен демалуда. Мұндай игі істердің ұйытқысы болып, балалардың шығармашылық және қоғамдағы белсенділік деңгейлерінің артуына, спортпен шұғылданып, саяхаттап, өлкетану және басқа да танымдық іскерліктерін арттыруға еліміздің қала және облыс басшылары атсалысып ұйымдастыруда.

Бүгінгі күнге дейін 1645 бала Нұр-Сұлтан, Астана, Алматы, Павлодар, Жамбыл, Ақтөбе жәнеде басқа қалаларға лагерлерге жіберілсе, бүгін қосымша 30 бала Қарағанды, 20 бала Өскемен қалаларында орналасқан лагерлерге демалуға аттанды.


Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

bottom of page