top of page

«Балдәурен» жазғы лагері

Жаз – бұл керемет кезең! Осы уақытта барлығы жақсы демалып, көптеген жағымды эмоцияларды қалдырғысы келеді! Оқудағы жетістіктер, сынып, мектеп және бүкіл аудан өміріне белсенді қатысу, ғылым негіздері бойынша олимпиадаларда, ғылыми-практикалық конференцияларда жүлделі орындар алған № 6 орта мектептің 7 сынып оқушысы Базарбаев Дінмұхамедке нағыз «бала арманының аралы» болуына мүмкіндік берілді. Иә. Дәл осылай! «Балалық арман аралы». «Балдәурен» - бұл республикалық оқу-сауықтыру орталығы Қазақстанның ең көркем жерлерінің бірінде, Бурабай курорттық аймағында Щучье көлінің жағасында орналасқан.

Лагерьде өткізілген әрбір күн, алдыңғы күндерге ұқсамайды. Спорттық және математикалық байқаулар, интеллектуалды марафондар, КВН ойындары, экскурсиялар және әртүрлі үйірмелердегі сабақтар! Сондай қызықты болды! Лагерьде болу уақыты балалардың есінде көп жағымды эмоциялар қалдырады! Балалардың көптеген жаңа достары пайда болды! Балалар өздері үшін қаншаша қызықты жаңалықтарды аша білді! Әртүрлі байқауларға қатыса отырып, балалар бірнеше рет жүлдегер атанды! Нәтижесінде Дінмұхамед өз туыстарын қуантты. Ол өз елі мен отбасын жақсы көреді. Жақсы оқуға тырысады. Ол мектепті жақсыаяқтаған соң, жоғары білім алып, Қазақстанға пайда әкелетініне біз сенімдіміз. Бірінші қадамды ол жасады – «Балдәурен» лагерінде демалды. Бұл керемет, жақсы жаз басталды.

bottom of page