Целиноград ауданының оқушылары жазғы демалыс кезінде қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалады. Мектеп жанындағы лагерьлерде тіл мектептері жұмыс істейді, сондай-ақ кәсіби бағдар беру жұмыстары, жол қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, республиканың, облыстың және ауданның көрікті жерлерін зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Балалар Шымкент, Қапшағай, Балқаш қалаларындағы қала сыртындағы лагерьлерде болды.


