top of page

Біріншілердің уақыты

Қоштасар кез келді,

Біз ұзаққа қоштаспаймыз.

Бұл күндер есте қалар мәңгілік...


Басқаша болуы мүмкін де емес. Ауысымның жабылуы – бұл толқушы және сәл қайғылы күннің бірі. Өйткені, барлығы бірге 12 күн өмір сүрді, осы уақыт ішінде балалар достасып, бір-біріне жақындай түсті. Лагерьдің әр күні ерекше, әсерлі болды! Педагогикалық құрамның арқасында іс-шаралар, квесттер, спорттық және зияткерлік ойындар, дискотекалар көңілді және ерекше өтті.

29 маусымда «Біріншілердің уақыты» лагерь ауысымының жабылуы өтті. Оқушылардың қиялдарында шек болмады! Топтардың топ басшылары рапорттар тапсырды, әрине көңілдерінде қимастық та болды. «Есіл» лагерінің әнұранын орындау ешкімді бей-жай қалдырмады, әннің әдемі орындалуы флеш-мобқа ауысты. Әр балаға «Есіл» лагерінен сыйлық үлестірілді: лагерь өміріне қатысқаны үшін мадақтама, «Есіл» газеті және топтың тәлімгерлермен түскен суреті. Салтанатты жиыннан кейін қонақтар мен ата-аналарды мерекелік концерт, ал балаларды тәтті кешкі ас күтіп тұрды.

Балалар бір-біріне және тәлімгерлеріне тілектері жазылған жіптерді байлады. «Біз сені жақсы көреміз», «Есіл», менің лагерім», «Демалыс үшін рахмет» деген сөздерді есту бұл бір бақыт және педагог үшін өте қымбат...

«Есіл» ББК «Біріншілердің уақыты» ауысымның барлық педагогикалық кадр құрамына және қызметкерлеріне үлкен жұмыс үшін үлкен рахмет!!!

bottom of page