top of page

Экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналған бірінші аймақтық «EcoIdeaChallenge-2019»


2019 жылғы 15 мамырда «Ақсу» эко-техноорталығында «EcoIdeaChallenge» бірінші аймақтық зерттеу марафоны өтті. Осы өзекті және өмірлік қажетті іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойында өзінің жеке және барлық адамдар үшін ортақ, бүкіл тірі әлемнің бірыңғай, тұтас боялған бейнесін үйі ретінде қалыптастыру; балалардың санасында әлемнің заманауи экологиялық бағдарланған бейнесін қалыптастыру,өзінің табиғи ортасына деген құрмет сезімін қалыптастыру. «EcoIdeaChallenge» аймақтық зерттеу марафонын өткізу идеясы Еуразиялық тобының (ERG) құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК АҚ «Ақсу ферроқорытпа зауыты» болды! Бүгінгі іс-шара Халықаралық климат күніне орай өткізілді! Жер шарының барлық аумағындағы климат өзгеріске ұшырап, ертең сені не күтетінін болжауға ешқандай мүмкіндік жоқ, себебі синоптиктердің ауа райын болжауда жиі қателесетінін байқаған боларсыз. Жер шарындағы климаттық жағдайлардың проблемаларына және жыл сайын 15 мамырда атап өтетін Халықаралық климат күніне назар аударуға бағытталған. Зерттеу марафоны әртүрлі бағыттар бойынша 5 секциядан тұрды: «MyGreenFamily»; «Әр үйге жасыл технологиялар»; «Қалдықтарды кірістерге»; «Туған жер»; «Ормандық Робинзон». «MyGreenFamily» секциясы: қатысушылар өз отбасының экологиялық жобаларын (дәстүрлерін) ұсынды (мысалы, бау-бақша учаскелерінің дизайны, гүлзарлар, демалыс бұрыштарын құру, отбасылық туристік экологиялық соқпақтар мен маршруттарды әзірлеу және құру, туристік және спорттық-сауықтыру қызметіне қатысу, қоқысты бөлек жинау, аула аумақтарын жинау, ағаш отырғызу бойынша акцияларды ілгері бастыру және қатысу. «Әр үйге жасыл технологиялар» секциясы - аймақтық экологиялық мәселелерді шешуге тәжірибелік үлесін көрсететін ғылыми жобаларды қорғау, аумақты көгалдандыру және абаттандыру бойынша жұмыс тәжірибесінен баяндамалар, табиғатты қорғау, экология, фенология, ақылды үй, энергия үнемдейтін технологиялар саласындағы зерттеулер. «Қалдықтарды кірістерге» секциясы – «Қажетсіз заттардың екінші өмірі» шығармашылық жұмыстары пайдаланылған, тастанды материал – ескі-құсқыдан жасалған «Қалдықтарды кірістерге» ұранымен. «Туған жер» - бұл біздің өңірді зерттеу бойынша жобалар, баяндамалар, есептер: археологиялық және сәулет ескерткіштері, тарихи тұлғаларға байланысты қасиетті орындар, табиғат ескерткіштерін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, қаумалдарды зерттеу. «Орман Робинзоны» секциясы - бұл номинацияға мектептік үгіт бригадалары, экотрядтары және т.б. қатысады (3 адамға дейін). Қатысушылар ұжымның жұмысы туралы фото немесе бейнематериалдармен толықтырылған шығармашылық есеп берді, соның ішінде тәжірибелік табиғат қорғау жұмысы бойынша өткізілетін іс-шаралар: ағаштар мен бұталарды отырғызу, тұқымдарды, бүрлерді, ағаштар мен бұталардың жемістерін жинау және дайындау, құстарға арналған ұялар мен астауларды дайындау және ілу, құмырсқаларды қорғау, ормандарды өрттен қорғау бойынша профилактикалық іс-шараларға қатысу және т. б. туралы ақпарат берді. Қала және ауылдық өңір мектептерінің оқушылары белсенді қатысты және көптеген жұмыстар лайықты бағаланды. Жеңімпаздар келесі түрде анықталды: Секция: «Әр үйге жасыл технологиялар!» 1 орын - Кирулина Кирилл, Маахиборода Олег, Охрименко Ярослав; 2 орын - Пономарева Дарья; 3 орын - Дюсекина Лина. «Ормандық Робинзон» секциясы бойынша: 1 орын – үгіт бригада Каримова Аялы, Умарходжаева Милана, Амангелді Ералхан; 2 орын - Кабылдинова Дана, Есенжол Динар құрама командасы 3 орын - Мырзағазы Рауан және Мошхалов Жанғали иеленді. «Туған жер» секциясы 1 орын - Ибраева Дильназ және Қондыбай Шұғыла; 2 орын - Елимесов Ислам, 3 орын - Дюсенова Динара. «My green family» секциясы: 1 орын - Дамир Баяхмет; 2 орын - Клещева Вероника; 3 орын - Алтай Абылайхан. «Қалдықтарды кірістерге» секциясы: 1 орын - Егорова Маргарита; 2 орын - Болатхан Айсулу; 3 орын - Трегубова Ирина. «EcoIdeaChallenge-2019» өткізуге демеушілік көмек көрсеткені үшін «Қазхром» ТҰК АҚ-на үлкен алғысымызды білдіреміз. Әр бала дипломдармен, сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі орындар power–bank, колонкалар, құлаққаптар, термостар және дипломдармен жабдықталған рюкзактармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар, «Қазхром» ТҰК АҚ эмблемасы бар блокноттар мен қаламдар берілді. Алдағы уақытта «EcoIdeaChallenge» аймақтық зерттеу марафоны «Ақсу» балалар эко-техноорталығының дәстүрлі шарасы болады. Марафонға қатысушылар болашақта мемлекетіміздің игілігі үшін жүзеге асыру өзекті болатын, қоғам мен қоршаған орта үшін пайдалы жаңа зерттеулер идеяларына риза болып, қуат алды.

bottom of page