top of page

Түлектер жұмыстары мұражайдағы көрмеге қойылды


Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің 2018, 2019 жылдардағы он мектеп бітірушілерінің жұмыстары Павлодар облыстық көркемсурет мұражайында Қазақстандағы жастар Жылына арналған «Шабыт бұлағы» атты көрмесіне қосылды. Көрме 2019 жылдың 18 мамырына дейін жалғасатын болады. Түлектердің жұмыстары әртүрлі техникада орындалған. Көрмеде Екатерина Беспалаяның «Уақыт метаморфозалары», Анастасия Крачковскаяның «Плэнерде», Екатерина Басоктың «Қала пейзажы», Карина Ауганбаеваның «Ескі қала», Есения Косенковның «Париждегі жауын»,Виолетта Молчанованың «Күннің батуы» майлы бояу және акварельмен жазылған сәулет және табиғи пейзаждарын көруге болады. Алина Пшенконың «Венера фигурасының натюрморты», Карина Ауганбаеваның «Арбузбен натюрморт» графикалы және кескіндемелі натюрморттары, ұлттық композиция стилінде орындалған «Ұлттық би» Ангелина Братченконың, «Возвращение к истокам» Екатерина Беспалаяның жұмыстары көрермендердің тамашалауына қойылған. Киіз басу техникасында жасалған Карина Супрунованың «Ұйымшыл отбасы», Екатерина Беспалаяның «Түлкішек»,«Теңіз апаты» декоративтік панноларын және Есения Косенкованың «Гном», Алина Пшенконың «Нептун» ертегілік кейіпкерлерін байқауға болады. Барлық жұмыстар өте ерекше және жоғары көркем дәрежеде орындалған. Осы оқушыларымызға мектебімізде ұстаздық пен жетекшілік атқарған Ольга Ивановна Ловинаны, Светлана Евгеньевна Рейнды, Анжелика Николаевна Бамбулякты, Татьяна Васильевна Ахметжанованы және Оксана Валерьевна Сидоренконы, Сауле Ивановна Абишеваны атап өтуге болады. Жас суретшілеріміз әртүрлі халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық байқаулардың бірнеше реттік жүлдегерлері, лауреаттары және дипломанттары болып табылады.

bottom of page