top of page

«Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-конкурсының қортындысы

2019 жылдың 19 сәуір күні Оқушылар сарайында «Ақ шағала-2019» республикалық хореографиялық фестиваль-конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Аталмыш сайыстың басты мақсаты оқушылардың хореографиялық қабілеттерін дамытып, рухани-адамгершілік және мәдени құндылыққа баулу. Конкурсқа облыстың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері, 10-17 жас аралығындағы қалалық және аудандық конкурстардың жеңімпаздары қатысты.

«Халық биі номинациясы» бойынша I-дәрежелі дипломдармен келесі қатысушылар марапатталды: 1. Баянауыл ауданы, «Майқайын балалар өнер мектебі», «Қамажай степ» би ұжымы, 2. Павлодар қаласы, № 9 ЖОББМ би ұжымы;

«Заманауи би» номинациясы бойынша: 1. Ақсу қаласы, № 1 ЖОББМ; 2. Павлодар қаласы, № 40 ЖОББМ;

II-дәрежелі дипломдармен: «Халық биі» номинациясы бойынша: 1. К.Б.Даржуманов атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің «Башлам» би ұжымы; 2. Аққулы ауданы, Уахатов атындағы ЖОББМ-нің би ұжымы;

«Заманауи би» номинациясы бойынша: 1.Павлодар қаласы, №39 ЖОББМ «Ритмы планеты» би ұжымы; 2. Май ауданы, Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің би ұжымы;

III-дәрежелі дипломдармен: «Халық биі» номинациясы бойынша: 1. Ақсу қаласының балалар шығармашылық үйі, «Ақ көгершін» би ұжымы; 2. Баянауыл ауданы, С.Торайғыров атындағы аудандық Мәдениет үйі, «Баян сұлу» үлгілі би ұжымы;

«Заманауи би» номинациясы бойынша: 1.«Рақым» балалар жасөспірімдер клубы; 2. Б.Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ «Шаттық» би ұжымы;

Бас жүлдені Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның «Айгөлек» би ансамблі иеленді.

- Би байқауына қатысқан барлық өнерпаздар тамаша өнерлерін ортаға салды, әр би көрерменнің көңілінен шықты, - деді қазылар алқасының мүшесі Галина Лапухина.

http://dshk.kz/index.php/kz/novosti/khudozhestvennyj-otdel/1740-a-sha-ala-khoreografiyaly-festival-konkursyny-ortyndysy

Недавние посты

Смотреть все

Dastur cup ІІІ нәтижелері✅

▶️Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық" және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «ДӘСТҮР» ИПК ұйымдастыруымен 2024

bottom of page