Дүние тану, білімге талпыну әрбір адамның есейген дәуірінен аңсап қараған түбегейлі ісінің бірі болып келеді. Егер бұл талпыну болмаса, әрбір адам білімге, еңбекке үңіле қарамаса, тек аңша қарын тойдырып, ұйқымен уақыт өткізсе, ешбір ілгері басу – өрлеу де болмас еді.
Әлкей Марғұлан
Н: Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілетті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кіру, білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз»-деп көрсетті. Осындай қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін мұғалімнің өзі де уақыт талабына сай дайындықпен келуі қажет.
Осы орайда, 2018 жылғы 1-9 қазанда ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы Балалар көркемсурет мектебінің базасында өткен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогика кадрларына арналған «Сәндік қолданбалы өнер сабақтарында балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту» біліктілікті арттыру курсын өттім. Аталған курс барысында өз жұмысыма қажетт көптеген пайдалы тәжірибені жинақтап қайттым.
2019 жылғы сәуір айында өзім қызмет атқарып жүрген Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыбастау орта мектебінде «Көркемеңбек пəні сабағында жаңа инновациялық əдіс-тəсілдерді пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық ізденісін арттыру жолдары. Қосымша білім беру бойынша ұлттық өнерді дамыту» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар Қазақстанымыздың тұңғыш президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын басшылыққа ала отырып ұйымдастырылды.
М.Қасенов, Л.Сарыбаева