top of page

Үздік мектеп мұражайы

Қызылорда қаласы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 17 сәуір күні №7 мектеп-лицейінде «Үздік мектеп мұражайы: жаңа мүмкіндіктер» қалалық байқау өтті. Байқауды қалалық білім бөлімінің әдіскері С.Алмасбекова ашып, қатысушыларға сәттілік тілеп, байқауға әділ қазылық ететін алқа мүшелерімен таныстырды. Олар облыстық Ә.Тәжібаев кітапханасының абономент бөлімі меңгерушісі А.Көшербаева, қалалық оқушылар жас өспірімдер үйі қызметкері Г Қаранова мен №235 мектеп мұражай меңгерушісі К.Алматшаевалар. Байқау шартына орай

І тур «Мектеп мұражайы:кеше, бүгін, ертең» таныстыру, ІІ тур «Шығармашылық қоржын» портфолио қорғау, ІІІ тур «Мектеп мұражайы: жаңа мүмкіндіктер» бейнеролик жасау жұмыстары көрсетіліп, сараланды. Байқауға қатысқан мектеп мұражайлары аз ғана уақытта құрылғандықтарына қарамастан,көңіл қуантарлықтай жетістіктері бар екені анықталды. Әділ қазылар алқасының шешімімен қатысқан мектептерді Дипломен марапатталып, №8 Д.Осипенко атындағы орта мектептің "Ақсауыт" патриоттық муражайы облыстық кезеңге жолдама алды.


Недавние посты

Смотреть все

Dastur cup ІІІ нәтижелері✅

▶️Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық" және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «ДӘСТҮР» ИПК ұйымдастыруымен 2024

bottom of page