top of page

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА «БОЛАШАҚ ЭКСПОНАТ» ЖОБАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының «Тарихи сананы жаңғырту» тарауы бойынша мектеп оқушылары арасында «Болашақ экспонат» жобасын ұйымдастырды. Байқау шарттары бойынша, жеңімпаздар ашық дауыспен анықталады. Сонымен қатар әр тоқсан сайын жүлдегерлер жарияланады.

Жобаның басты мақсаты музей экспонаттары көмегімен тарихи кезеңдерді толық зерттеп, заттай деректермен көрсетіп, әр экспонатты сөйлету арқылы жастарға білім мен тәрбие беру болып табылады, сондай-ақ, тұлғаның шығармашылық дамуын жүзеге асыруды көздейді.

Жобаның І тоқсандағы нәтижесі бойынша І орынды №6 мектептің оқушысы А.Әлішева, ІІ орынды №112 мектептің оқушысы Н. Әуезхан мен № 2 «Мұрагер» мектебінің оқушысы Б.Тәңірберген, ІІІ орындарды №112 мектептің оқушысы Н.Ерғазиева, Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің оқушысы, Н.Ділдәбекова және №2 «Мұрагер» мектебінің оқушысы Д.Райымбекова иеленді.

bottom of page