top of page

«Жаңалыққа бастаған – жаңартылған білім»

2019 жылдың 18 сәуірінде Қызылорда қаласы білім бөліміне қарасты Абай атындағы №138 орта мектебінде «Жаңалыққа бастаған – жаңартылған білім» тақырыбында аймақтық семинар болып өтті. Семинардың мақсаты – педагог қызметкерлердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту стратегиясын оқыту мен оқу үдерісінде қолдану тәжірибесімен бөлісу. ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үштұғырлылығы» идеясын оқыту мен оқу үдерісінде жүзеге асыру жолдарын қарастыру. Семинарға 28 мектептің мұғалімдері және Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдіскері А.Ибраева қатысты. Семинардың ашылу салтанатында мектептің көркемөнерпаздары өнер көрсетіп, Абай ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, семинарға қатысушыларды ыстық ықыласпен, зор ілтипатпен қарсы алды. Мектеп директоры К.Ж.Қуанышбаева және бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Ж.Өтелова семинар бағдарламасымен таныстырды. Қалалық білім бөлімінің әдіскері А.Ибраева семинар жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, мектеп фойесіне дайындалған оқушылардың қолөнер туындыларымен танысты. Бастауыш сынып мұғалімдері И.Сәтбаева, Б.Әбілдаевалар жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақ өткізді. Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама - 2018» конкурсының ІІ орын жүлдегері, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ә.Пірімова «Мәтін лингвистикасы» авторлық бағдарламасы бойынша 11-сыныпқа шеберлік-сыныбынан семинарға қатысушы мұғалімдер өздеріне қажетті ақпарат алғанын, сабақтың құрылымы жүйелі және жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Химия пәні мұғалімі Б.Бекова, география пәні мұғалімі А.Искакова, биология пәні мұғалімі М.Түйешиева 5-сыныпқа «Табиғатты қорғау» тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізді. Семинар жұмысы әрі қарай информатика пәні мұғалімі М.Әбдіғапбарованың «Роботехника - болашақтың бағдары» тақырыбындағы үйірме жұмысымен жалғасты. 7-9-сынып оқушылары роботтарды құрастыруды, басқаруды жақсы меңгергенін көрсетіп, көпшілікке таныстырды. Мектеп психологі Б. Ибраева мен әлеуметтік педагог А. Саруарова «Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі» 11-сынып ата-аналарының қатысуымен тренинг өткізіп, мектеп – оқушы – ата-ана ынтымақтастығын танытты. Мектептің жас биолог оқушылары қонақтарды, ұстаздарды мектеп жылыжайында өсетін көкөністермен таныстырды. Жылыжай жұмысына белсенділікпен, қызығушылықпен атсалысатынын, ондағы көкөністердің күтімін, сортын баяндады. Ағылшын тілі бірлестігінің мұғалімдері ұйымдастырған «Spring is in the air» атты сыныптан тыс жұмысында мектеп оқушылары ағылшын тілінде ән айтып, би билеп, сахналық қойылымды шебер көрсетті. Балалрлың ағылшын тілін жақсы меңгергендігіне, өнеріне семинарға қатысушылар тәнті болды. Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама - 2018» конкурсының ІІ орын жүлдегері, «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының ІІ орын жүлдегері, Қызылорда қаласы әкімінің білім беру саласы қызметкерлеріне тағайындаған «Үздік мұғалім» номинациясы мен сыйақысының иегері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ә.Пірімова педагогикалық қызметіндегі озат, жаңашыл тәжірибелерімен бөлісіп, авторлық бағдарламасын таныстырды. Табысты оқыту мен оқу үдерісін қалай ұйымдастыру керектігі, мұғалім мәртебесінің оның педагогикалық әдебі, шығармашылық ізденісімен артанынын баяндады. Семинар соңында семинарға қатысушылар бүгінгі жұмыстың үлкен дайындықпен, аса жауапкершілікпен ұйымдастырылғанын жұмыс нәтижелерінен көргенін, мектеп тынысымен айқын танысқанын, оқушыларыныңзияткерлік тұрғыдан жан-жақты айтып, семинар жұмысына жоғары баға берді. Семинардың кәсіби дамуда тың идеяларды, инновациялық әдістерді, сабақ өткізудің озық үлгісін, жаңартылған білім беру аясында сабақ берудің озық үлгісін көре алғандығын айтып, алғысын білдірді. Семинарды мектеп директоры К.Ж.Қуанышбаева қорытындылап, алдағы уақытта да мұндай жұмыстар, игі бастамалар жалғасын табатынын айтты.


bottom of page