• 19 апр. 2019 г.

"Ата-бабалар мұрасы – біздің болашағымыз "


"Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керектігін атап өтті. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек екенін атап өтті. Бүгін қазақ халқының тарихи мұраларын насихаттауға арналған көптеген іс-шара өткізіліп келеді. Осындай қызғылықты шығармашылық кештің бірі 2019 жылдың 16-шы сәуір күні Қ. Әбусейтов атындағы мәдени-сауық орталығында ұйымдастырылды. ​Балалар ауылының тәрбиеленушілері педагогтармен бірге қазақстандық режиссер Қуат Әбусейтовтың шығармашылығына арналған іс-шараға қатысты. Балалар ауылының тәрбиеленушілері режиссердің өмірбаяны мен шығармашылығына қатысты қызықты деректермен танысты. Қ. Әбусейтов Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы. Жерлесіміз – Абай атындағы мектеп-лицейдің алғашқы түлегі, еңбек сіңірген өнер қайраткері, қазақстандық режиссер Шәкен Аймановтың шәкірті. Режиссердің өмірі мен отбасы жайлы жазылған очерктерден оқылған үзінділер балаларға ерекше әсер етті. Ақпараттық бөлімнен кейін, шығармашылық кездесуді жалғастырған мәдени-сауық орталығының әншілері Сәуле Арынғазина мен Бекен Жоламанов кештің көркін кіргізді. Бұл іс-шара "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ата-бабаларымыздың тарихи мұраларын тану саласында жүргізіліп жатқан саясаттың маңыздылығын атап көрсетті. Мұндай іс-шаралар әр қазақстандықтың жүрегінде із қалдырған тарихи тұлғалар мен аты аңызға айналған адамдардың өнегелі өмірінен үлгі алуға, отандық тарихтың тағылымын білуге көмектеседі. Іс-шараға қатысушылар көптеген жаңа, қызықты ақпарат алып, ұйымдастырушылар мен әртістерге естен кетпес кеш сыйлағаны үшін алғыс айтты. .

  • ұрпақ_ісшара

Недавние посты

Смотреть все

«Алау» және «Жас ұлан» әскери-спорттық ойындарының жеңімпаздарын құттықтаймыз

Алматы облысы, Көксу ауданы, Қ.Қ. Жалайыри атындағы ОМГ «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің республикалық әскери-патриоттық қозғалысы ұйымының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Алау» және «Жас ұла

«Қысқы спорт түрлері» тақырыбында брейн-ринг

2021 жылғы 09 қаңтар күні Қарағанды қаласы, №77 жалпы білім беру мектеп- балабақша кешенінің «Жас Сарбаз» 9"Б",10"Б", сынып тәрбиеленушілері арасында «Қысқы спорт түрлері» тақырыбында брейн-ринг өткіз

«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі»

Қарағанды облысы, Сатпаев қаласы С.Сейфуллин атындағы гимназиясы қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастау мақсатында, адам өміріндегі ең игі істерінің

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More