• 5 апр. 2019 г.

«2019 жылдың педагог-ұйымдастырушысы» байқауы

2019 жылғы наурыз-сәуір айларында Өскемен қаласы Оқушылар шығармашылық сарайында «2019 жылдың педагог-ұйымдастырушысы» кәсіби шеберлік қалалық байқауы өткізілді.

Аталған байқауды өткізу мақсаты: Өскемен қаласының жалпы орта және қосымша білім беру мекемелері арасында дарынды және шығармашыл педагог-ұйымдастырушыларды анықтау және мадақтау.

Өзінің кәсіби шеберліктерін 1, 15, 26, 27, 37, 42, 45, 47 мектептерінің және Оқушылар шығармашылық сарайының педагог-ұйымдастырушылары көрсетті.

Байқау кезең-кезеңмен өтті. Бірінші кезең сырттай жүргізілді - қатысушылар портфолиоларын дайындады, портфолиода өз жұмыстарын, әдістемелік әзірлемелерін, сценарийлерін, жүргізілген іс-шаралардың фотосуреттері мен бағдарламаларын, жеткен жетістіктерін, сондай ақ, «Менің мақсатым – жүректерді ояту!» атты өз жұмысы мен өзі туралы шығармашылық эсселерін көрсете білді.

Бірінші кезеңнің жеңімпаздары: І орын - А.Б. Қызырбекова («№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ), ІІ орын - С.А. Унасов («№45 орта мектеп» КММ) және С.В. Гойман («Оқушылар шығармашылық сарайы»), ІІІ орын - Г.К. Окимбаева («№42 орта мектеп» КММ) және М.М. Отарбаева («№1 орта мектеп» КММ).

Екінші кезеңде байқауға қатысушылар Оқушылар шығармашылық сарайы сахнасында өз оқушыларымен жұмыс жасау шеберліктері мен қабілеттерін көрсетті.

«Біз бір қадам алдамыз!» шығармашылық өзін-өзі таныстыруда қатысушылар визиттік карточка үлгісінде үй тапсырмасын көрсетті, онда өздерінің кәсіби шеберліктерін, жетістіктерін, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.

«Педагогикалық жағдай» кезеңінде қатысушылар берілген тәрбие жұмыстарымен байланысты белгілі бір жағдайлар тапсырмасын сенімді орындап шықты.

«Жұлдыздардың жарқырауы» байқауына қолдау тобымен, балалармен педагог-ұйымдастырушы бірге би билеп, ән айтып, миниатюра немесе басқа нысанда бірлескен шығармашылықты көрсетті.

Барлық қатысушылар қазылар алқасының қатаң бақылауымен өз қойылымдарын көрсетті, әділ қазылар құрамында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, педагогикалық ғылым магистрі Г.К.Макшиева, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің оқытушысы, педагогикалық ғылым магистрі М.Т. Даутова, «2017 жылдың педагог-ұйымдастырушысы» қалалық байқаудың бас жүлде иегері, «Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубының педагог-ұйымдастырушысы Г.Д. Оразиманова болды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар: Бас жүлде - С.А. Унасов («№45 орта мектеп» КММ), І орын - С.В. Гойман («Оқушылар шығармашылық сарайы»), ІІ орын - А.Б. Қызырбекова («№47жалпы білім беретін мектеп» КММ) және Г.К. Окимбаева («№42 орта мектеп» КММ), ІІІ орын - Е.Д. Алексеева («№26 орта мектеп» КММ) және П.П. Швец («№37 орта мектеп» КММ), «Өз ісінің шебері» номинациясының жеңімпазы - О.А. Цих («№15 орта мектеп» КММ), «Жеңіске деген жігер үшін» номинациясының жеңімпазы Б.С. Садвакасов («№27 орта мектеп» КММ), «Ең белсенді педагог-ұйымдастырушы» - М.М. Отарбаева («№1 орта мектеп» КММ).

  • жұлдыз каз

Недавние посты

Смотреть все

«One Рower» волонтер клубы

2021 жылғы 20 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті. Бағдарламаның екінші кезеңінде Оқушылар сарайының «One Рo

«Жылдың үздік ұстазы-2020»

Қарағанды медициналық интерколледжінің оқытушысы Алтынбеков Мейрам Бостанович-«Жылдың үздік ұстазы-2020» республикалық байқауының «Үздік жас ғалым-2020» номинациясының жеңімпазы атанып, медаль мен І

«Black&White» медиакомпаниясының продюсерімен кездесу

2021 жылғы 21 қаңтар күні «Қаламгер» баспасөз орталығының түлегі Адина Хамармен онлайн – интервью өтті. Қазіргі таңда Адина Нұр - Сұлтан қаласында «Black&White» медиакомпаниясының продюсері. «Black &

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More