top of page

«Жас ұлан» ББЖҰ РҚБ қалалық комитетінің кубогына «Рухани жаңғыру – рухты жастар» КТК қалалық чемпион

2019 жылғы сәуір айында Өскемен қаласындағы Оқушылар шығармашылық сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Өскемен қаласының «Жас ұлан» ББЖҰ РҚБ қалалық комитетінің кубогына «Рухани жаңғыру – рухты жастар» КТК қалалық чемпионаты өтті.

Бұл сайыс алғаш рет өткізілді, бірақ бұған қарамастан қала мектептерінің 15 командасы белсенді қатысты. Барлық командалар көрерменді оңай жандандырды, ойынға үлкен қызығушылық тудырды.

Қазылар алқасының құрамына «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанаты төрағасының орынбасары Мұсабаева Шолпан Төреканқызы, Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығының» бас маманы Әлібеков Нұрасыл, Шығыс Қазақстан облысы жастар нұсқаушылық орталығының директоры, оқушылар шығармашылығы сарайының баспасөз орталығының жетекшісі Шведунова Ирина Михайловна, Өскемен политехникалық колледжінің қазақ КТК лигасының жетекшісі Баяндинова Ирина Канышевна, Өскемен политехникалық колледжінің КТК командасы, 2018 жылғы қала әкімінің кубогы үшін КТК турнирінің қатысушысы Толканов Дархан шақырылды.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды № 44 мектеп-лицейінің «Жастар» командасы иеленді, I орынды № 45 бейіндік мектебі «Чемпиондар» командасы, II орынды № 46 орта мектебі «Күльпатиха» командасы, II орынды № 3 мектеп-лицей «Ретро FM» командасы, III орынды № 33 орта мектебі «Плагиат емес» командасы, III орынды №26 орта мектебі «Number 26» командасы, III орынды №39 орта мектебі «Незабудка» командасы, III орынды №47 орта мектебі «Кульминация» командасы иеленді.

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page