Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы,
Тұщыбек негізгі орта мектебі,
Жәрдем Әлсейіт 7-сынып оқушысы.
Табиғат тұнып тұрған таңғажайып құбылыс . Олар туралы көбірек білген сайын сырларын терең ұғынасың. Бірін жан тәніңмен жақсы көрсең, ал енді біріне қарап таң қаласың, тағы бірін қызық көресің.
Ешқандай тіршілік иесін азаптамайтын, өсімдіктің жаны ауырады деп, үзіп жұлмайтын адамның болуы мүмкін . Демек, жануартану, өсімдіктану ғылымдарында тәлім тәрбиенің құпия сыры бар. Өздерің қоршаған тылсым табиғат сырлары туралы біліп қана қоймай, оларды аялап, қорғап, өсімдіктердің пайдасын анықтаңыздар.
Маңғыстаудың кең байтақ даласында кездесетін сан алуан өсімдіктер дүниесі де емдік шөптердің алатын орны ерекше. Өз заманында өмір талабына сай Маңғыстауда кездесетін емдік шөптерді іздеп тауып қажетіне пайдалана білген Қожық, Айтқұл, Қойсары сияқты халық емшілері болған. Сол аталарымыздың жолын қуып келе жатқан Маңғыстау ауданы Тұщыбек ауылындағы Айдарбаев Тайман атамызда емдік шөптерден дәрі жасауды қолға алған.
Тайман Айдарбаев атамыз емдік шөптерді Тұщыбектің кең даласынан, таулардан, сайлардан және Аманбұлақ бақшаларынан сәуір айының аяғынан бастап жинайды. Сол жинаған шөптерді сараптап әр қайсысын бөлек-бөлек қағазға салып сыртына әр шөптің атауын жазып қолайлы күндер, кептіру арқылы тұнбалар жасап әртүрлі аурудың емі ретінде пайдаланады. Әр шөптің өзіндік қасиеті бар. Бес шөп арқылы бес дерттің емін табуға болады дейді.
Өсімдіктердің емдік қасиеттері.
Адыраспан. Маңғыстаудың барлық аймақтарында кездеседі. Оның биіктігі 30-60 см жетеді. Мамыр, шілде айларында гүлдейді. Жемісі қоңыр түсті, ірі ұрығы бар шар тәріздес қауашақ. Негізінен көп кездесетін жерлері ескі жұрт және ауыл маңдарында жайқалып өсіп тұрады. Адыраспан ежелден белгілі дәрілік өсімдік. Ол улы өсімдік сондықтан оны тек дәрігерлердің нұсқауымен ғана аса сақтықпен пайдалану керек. Адыраспанды біздің үлкен әжелеріміз үйді аластау үшін пайдаланған.
Жантақ. Бұршақ тұқымдас, тікенді, көп жылдық өсімдік. Гүлдері қызғылт жемісі бұршақ тәрізді. Жантақтың биіктігі 40-60 см. Маусым, тамыз айларында қызғылт гүл ашады. Тау шатқалдарында көптеп кездеседі. Емдік мақсатта жантақтың жапырақтары, тамыры және жемісін жинап жуып тазалап бір неше уақыт бой кептіріп тұнба дайындайды. Дайындаған тұнба көптеген ауруларға шипа. Мысалға тер шығарады, іш жүргізеді, және адам уланғанда қанды тазалау үшін пайдаланады.
Киікоты. Көп жылдық өсімдік. Көп сабақты сабағы төрт қырлы және жапырақтары сопақша, кезектесіп орналасқан. Биіктігі 30-80 см. Маусым , тамыз айларында гүлдейді. Киікотын гүлдеген кезде жинап көлеңкеде кептіріп қағаз қалтаға салып сақтайды. Киікотының тұнбасымен асқазан ішек кеңірдек ауруларын емдеуге пайдаланады. Екі қабат әйелдерге пайдалануға болмайды. Адамның көңіл күйі нашарлап , еңсесі түскенде, жабырқағанда және ұйқысы бұзылғанда тұнбасын пайдалануға болады. Киікоты тұнбасын жөтелге, тәбет ашуға , қақырық түсіруге және хош иісті ванна компресс жасау үшінде пайдаланады.
Қаражусан. Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Үстіңгі жағы қою жасыл, астыңғы жағы ақшыл, гүл қауашақтары ұсақ биіктігі 30-70 см ге жетеді. Шілде тамыз айларында гүлдейді. Сулы қапы сайларында, су жүретін сай салаларда ылғалды жерлерде жақсы өседі. Емдік мақсатта шөбі мен тамырын пайдаланады. Шөбін шілде тамыз айларында жинаса, ал тамырын күзде жинайды. Шөбі мен тамырының тұнбалары тәбет ашады, асқазан ішек жолдарының қызметін жақсартады. Толғақты жеңілдетеді, нерв жүйесін тыныштандырады, әр түрлі шаншулар мен құрыспаларды басады, ұйықтатын қасиетке ие. Тер шығарады, ішек құртын түсіреді. Сонымен қатар демікпеге шалдықан науқасқа қаражусанның сабағы мен жапырағын түтетіп (күйдесе) түтінін иіскетеді.
Жолжелкен. Қартаудың бауырында кездесетін бір жылдық өсімдік. Жолжелкеннің биіктігі оның табиғи жағдайына байланысты әр түрлі болып келеді. Сәуір маусым айларында гүлдеп мамыр тамыз айларында жеміс береді. Жемісі ашық қоңыр жұмыртқа тәрізді болып келеді. Ол туберкулез, қатерлі ісікті емдеуде айтарлықтай нәтеже береді. Асқазан қыжылдағанда және жүрек айнып лұқсуды басуға жақсы жәрдем береді.
Алоэ. Алоэның құрамында витаминдер мен фитоцинттер болады. Жапырақтарының шырыны көптеген ауруларға шипа болады. Мысалға тәбет ашып асқорыту жолдарының жұмысын жақсартып, жараның жазылуын тездетеді бактерияларды жойып суық тигенде және қабынуларда жақсы көмектеседі. Алоэның жапырағын кесерден 2 апта бұрын суармау керек. Емдік мақсатқа 3-5 жылдан асқан алоэ ғана жарайды. Оны жинау уақыты жол бойы. Қасиеті: кермек дәмді, усыз келеді.
Алоэның өт жолдары ауруына және бүйрек, бауыр , гепертония, гемморой ауруларында дәрігердің нұсқаулығымен (капсула, ампула, таблетка) түрінде пайдалануға болады.
Емдік шөптерді жинау әдістері.
Өсімдіктерді көктем, жаз, күз айларында құрғақ және күннің кез келген мезгілінде жинай береді. Былтырғы өркендеріннің қалдығын зақымдамай , жұлып алмай абайлап гүлдеп тұрған өсімдіктердік жер астындағы мүшелерімен бірге алады. Сүректілердің жекелеген өркендерін кесіп алады. Жерасты мүшелерін топырақтан арылтады. Кептіріп қағаз қалташықтарға салып өсімдіктің аттарын жазады.
Қалың бұрқыраған жасыл көгал адамның жүйке жүйесінің аса жағымды әсер етеді: тітіркенуінен, шаршағанын басады, тыныштық, қуанышты көңіл күй сыйлайды. Бірақ кейде қала , кент көшелерінде бейжай жандардың көз алдында балалардың бұтақтарды сындырып, жапырақтарын шашып, жемістерді жұлып, көгалды таптап жатқанын үлкендердің де олардан қалыспайтынын байқауға болады. Алайда мәдениетті жандар үшін өсімдіктерді ойсыз, мәнсіз құрта беруге жол беруі ұятсыдық болып саналады. Әсіресе сәби кезінен табиғаттан тыс қалып, оның сұлулығын сезінбей өскен балаларды табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу оқу орындардың міндетіне жүктеліп отыр. Әйтсе де табиғатқа деген жылы сезім, қамқорлық, қызығушылық өзінен – өзі оянады. Өсімдіктердің пайдасын емдік қасиеттерімен танысады.
Табиғат адамға кеңейтілген білім береді, рухани байлық пен қуаныш сыйлайды, алайда ол осыны тек өзіне шынайы қызыға, әрі әдеппен қарайтындарға ғана арнайды.
Денсаулығымыз мықты болуы үшін батпандап кіріп мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз ақ, үй жайындада айналада өсетін дәрілік өсімдіктермен ақ емдеп жазуға болады.
Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулығымызды сақтауға көмектеседі, отбасының қаражатын үнемдейміз, табиғат байлығын қорғауға да атсалысамыз.