«Күмбірлеген домбыра»
- Rumsdo rumsdo
- 18 февр. 2019 г.
- 1 мин. чтения
2019 жылғы 15 ақпанда Ақтөбе қаласы ЮНЕСКО клубы - №1 Балалар музыка мектебінде Ақтөбе қаласының 150 жылдығы және Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының 10 жылдығына арналған «Күмбірлеген домбыра» атты домбыра сыныбының білім алушылары арасында мектепішілік байқау өткізілді.
Байқауға мектептің 2-7 сынып білім алушылары қатысты.
Байқаудың мақсаты: білім алушылардың музыкалық аспапта жеке орындау шеберлігін арттыру, күй және күйші өнеріне қызығушылығын дамыту, күй тарту қабілеттерін дамыту.
Үздік өнер көрсеткен және белсене қатысқаны үшін талапкерлер дипломдармен марапатталды.

