5 ақпан 2019 жылы Қарағанды қаласы «Жас натуралистер станциясы» жылыжайы жағдайында топырағы жоқ өсімдіктерді өсіру әдісі ретінде Гидропоника жобасын енгізу бойынша презентация өткізді. Бұл шараға Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Любарская И.Ю, Қарағанды қаласы, Білім бөлімі басшысының орынбасары Бактыбаев А.Б, тәрбие және әлеуметтендіру секторының бас маманы Хасенова Г.Т, оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы Саменова Л.Н, сонымен қатар №97, 21, 63, 6, 48, 83, 33 мектеп басшылары, мұғалімдері, сондай-ақ, Жас натуралистер станциясы үйірмелерінің мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара негізгі және қосымша білім беру интеграциясы жағдайында жаратылыстану ғылымдарының инновациялық әдісі ретінде оқу үрдісінде гидропониканы енгізу мақсатында өткізілді.
Іс-шара барысында Жас натуралистер станциясының директоры Блялов Н.Ш. станцияның жұмыс барысы, жылыжайдың материалдық-техникалық базасы туралы қонақтарды таныстырып өтті. Мектеп басшысының оқу - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары Олишевец К.Н. және өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Никкель Н.А. жылыжай өсімдіктерінің түрлік құрамы және гидропон қондырғысының жұмыс принциптері бойынша таныстыру экскурсиясын өткізді. «Дизайнер – гүл өсіруші» үйірмесінің Жас натуралистер станциясы юннаттары, №48 жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары өздерінің «Гидропоника-жылыжай жағдайында өсімдіктерді өсірудің тиімді тәсілі» атты зерттеу жұмысы туралы айтып берді. Сонымен қатар дәстүрлі әдіспен және гидропоника әдісімен өсімдіктерді өсіру тәсілдеріне салыстырмалы талдау жүргізілді.
Іс-шараға Қарағанды телеарналарының қызметкерлері, БАҚ өкілдері, 120-дан астам адам қатысты.
Мектеп басшысының орынбасарлары:
Никкель Н.А., Олишевец Н.К